31 мамыр – Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл сайын 31 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен серіктестері Дүниежүзілік темекіден бас тарту күнін атап өтеді. Бұл дата 1987 жылы адамдар мен мемлекеттердің назарын темекі індетіне және оның қауіп-қатеріне аудару мақсатында белгіленген.

Темекі өнімдерінің барлық түрі өлімге әкеледі!

Жыл сайын темекі шегу салдарынан 8 миллионнан астам адам көз жұмады.

Темекі өнімдерінің кез келген түрін тұтыну денсаулығыңызды күйретіп, ауыр дертке әкеп соғады.

Қорқор шегудің зияны темекіден кем емес.

Түтінсіз темекі өнімдерінің (насыбай, снюс, электронды темекі) құрамындағы никотин тезірек сіңетіндіктен, ағза оған тезірек үйреніп кетеді.

Темекі шегу демікпе ауруын асқындырады және шұғыл көмекті қажет ететін ауыр ұстамалар қаупін арттырады.

Темекі жүрек жұмысын бұзады. Шылым шегетіндердің инсульт алу қаупі екі есе, ал жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қаупі төрт есе жоғары.

Өмір бойы темекі шегетіндердің ғұмыры кемінде 10 жылға қысқарады.

Электронды темекі жүрек-тамыр және өкпе ауруына шалдығу қаупін арттырады. Балалардың ақыл-есінің дамуы үшін электронды темекінің зияны кәдімгі темекі залалымен бірдей.

Әлемдегі қатерлі ісік дертінен өлу жағдайдаларының 25 пайызы – темекі шегу салдары.

Шылым шегетіндердің шекпейтіндерге қарағанда, өкпенің қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдығы 22 есе жоғары.

Темекі шегетін әр бесінші адамда өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) пайда болады. Бұл қауіп жасөспірім жастан шеге бастағандарда жоғарырақ, өйткені темекі түтіні өкпенің өсіп дамуын баяулатады.

Темекі мен никотин балаларыңызға зиян!

Жүктілік кезінде темекі шегу немесе түтінін жұту түсік тастау және өлі немесе ауыр дерті бар бала туу қаупін арттырады.

Темекі шегу сән емес, зиян әдет!

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.