2019 жылғы 20 – 21 желтоқсанда нейрохирургтер, неврологтар, радиологтарға арналған кезекті төртінші халықаралық дискуссиялық нейрокурс болды.

 

2019 жылғы 20 – 21 желтоқсанда нейрохирургтер, неврологтар, радиологтарға арналған кезекті төртінші халықаралық дискуссиялық нейрокурс болады.
Нейрокурстің тақырыбы: «Интракраниалды стеноздар мен күрделі аневризмалардың эндоваскулярлық нейрохирургиясы. Жұлын және балалар нейрохирургиясы. Эпилепсия. Нейроонкология».

Курс шеңберінде операциялық микроскоп, жұлын эндоскопиялық бағанды және бипланды ангиографиялық жүйені қолдана отырып көрсету операцияларын орындау, курсанттардың практикалық дағдыларын дайындау жоспарланып отыр. Бұл нейрокурста нейрохирургиядағы өзекті емдеу әдістері көрсетілетін болады. Қызығушылық танытқан барлық мамандар шақырылады.

Өткізу орны және күні: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ
Курсты ұйымдастырушылар: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ Курс жетекшісі: Нейрохирургия орталығының басшысы, денсаулық сақтау магистрі, жоғары санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург Мыңжылқы Бердиходжаев

Бұл нейрокурсқа ҚР және шетелдің нейрохирургтері шақыртылады.
Мақсаты: жаңа емдеу әдістерін енгізу және мамандарды оқыту.
2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ СОВМИНКА-да нейрорадиологиялық зерттеулер мен аз инвазивті емшаралар саласында жаңа стандарттар беретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығы бар аса заманауи Philips Azurion 7 ангиографиялық жүйе іске қосылды.

Нейрокурс бағдарламасы
20.12.2019
 Арнольд Киари синдромы жіктемесі.
 Бекітілген жұлын синдромы патафизиологиясы
 Арахноидальды жылауығы хирургиясы
 Перифериялық жүйкелер жарақатының ЭНМГ диагностикасы

 Эндоскопиялық жұлын нейрохирургиясы. Волков Иван – Ресей нейрохирургтері қауымдастығының, «World institute of pain» (WIP) халықаралық қауымдастығының және «AOspine» (Ресей) халықаралық қауымдастығының мүшесі.
 Балалар нейрохирургиясы.
 Хирургиялық эпилепсия. Неврологтың көзқарасы.
 Эпилепсияны хирургия алдында диагностикалау.
 Ми ісіктерінің операция кезіндегі аспектілері.
 ОЖЖ ісіктерінің нейрорадиологиясы.
21.12.2019ж.
 Joachim Klisch, Профессор, медицина докторы, Хелиос Эрфурт клиникасының (Германия) бас дәрігері.

 Киселев Виталий- МҒК. Федералды Нейрохирургия орталығы Новосибирск қ. «Р64 НРС ағынды бағыттаушы стентті импланттау» тақырыбында шеберлк-сыныбы (Ресей).
 Интракраниальды стеноздар.
 Нейрохирургиядағы нейросонологиялық зерттеулер.

Басталуы сағ. 10:00.
Дәрігерлерге тіркелу мәселесі бойынша телефон нөміріне қоңырау шалуға болады: +7 775 550 15 35 (Саршаев Марат – «ОКА» АҚ дәрігер-нейрохирургы).☎️

БАҚ өкілдеріне тіркелу мәселесі бойынша телефон нөміріне қоңырау шалуға болады: +7 777 216 17 99 (Асем Ахметова – маркетинг бөлімі). ☎️

Шеберлік-сыныбының өту орны: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, Алматы қ., Панфилов к., 139.

Өту күні: 2019 жылғы 20-21 желтоқсан. 📅

www.sovminka.kz

 

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.