ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханадағы Жастар кеңесі

ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханадағы Жастар кеңесі
СОВМИН ауруханасында Жас мамандар кеңесін құру жөнінде шешім қабылданды. Аурухана қызметкерлерінің көбісі жастар болғандықтан, бұл қисыны бар іс болды. Оларды бір кеңес астына біріктіру идеясы ОКА басшылығына тиесілі еді.
-Сіздердің тамаша біліміңіз бар, заманға сай жасампазсыздар, жаңалықтарға бейімделгішсіздер, осы дағдыларды жұмыста неге қолданбасқа. Кеңесте сіздер бірлесіп, аурухана өміріне белсенді қатыса аласыздар, конференциялар, гранттар туралы, қай жерде көтерілуге немесе ғылым дәрежесін алуға мүмкіндік болатын жоғары оқу орындары бар екені туралы ақпаратпен бөлісе аласыздар, – деп ойымен бөлісті аурухана басшысы Асхат Бралов.
Бұдан басқа, аурухана жыл басында көптеген қазақстандық медицина қызметкерлері білім алған С.Асфендияров атындағы ҚазМУ-мен болашақта ғылым мен білім саласында бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, болашақта аурухананың жаңа ғимаратында клиника, ғылым және білімді біріктіріп үйлестіретін ғылыми-практикалық медициналық зерттеу институтын құру жоспарланып отыр.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.