Әр түрлі бейінді Қазақстандық дәрігерлер бүйректі емдеу үшін бірігеді

«Қазақстан Республикасының Ұлттық бүйрек қоры» және «ОКА» АҚ СОВМИНМЕН бірлесіп 2022 жылғы 27 мамырда «Созылмалы бүйрек ауруын басқарудың тұжырымдамалық мәселелері» тақырыбына өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Қазақстанда бүйрек аурулары тамырлық аурулар мен онкологиядан кейін үшінші орында тұр. Жеті мың адам жасанды бүйректі пайдаланады, ал бұл аурудың соңғы сатысы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша бүгінгі күні жер бетіндегі халықтың 10%-ға жуығы бүйрек жүйесі ауруларынан зардап шегіп отыр. Көптеген жағдайлар ауыр созылмалы аурулармен немесе созылмалы аурулар санатына өтетін аурулармен байланысты. Қант диабеті, артериялық гипертензия, ауыр аутоиммунды аурулар және т.б. сияқты сырқаттар бүйрекке соққы болып тиеді. Бүйрек көптеген функцияларды қадағалайды, олардың жұмысы басқа органдардың саулығымен және органдар жүйесімен тікелей байланысты. Сондықтан бұл мәселеде тек халықты ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жастағы пациенттер түрлі диагноздар шағымымен келетін жалпы практика дәрігерлерін де оқыту қажет.

Конференцияның мақсаты Алматы қаласындағы өңірлік нефрология орталығы базасында Қазақстанда бүйрек ауруларын азайту үшін түрлі бағыттағы дәрігерлерді біріктіру болды. Конференцияға нефрологтар, эндокринологтар, кардиологтар және жалпы практика дәрігерлері қатысты. «ОКА» АҚ базасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық бүйрек қорымен» бірлесіп созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге арналған нефрология үйлестіру орталығы ашылатын болады.

 

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.