Үздік хирург Данияр Аманғалиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Үздік хирург Данияр Аманғалиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2021 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада талантты хирург, қазақстан денсаулық сақтаудың үздік ұйымдастырушысы, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ хирургия жөніндегі вице-президенті, еліміздің патриоты, тамаша тәлімгер  Аманғалиев Данияр Бахытович «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

30 жыл жұмыс уақытында Данияр Бахытович мыңдаған  операция жасады.

Үздік дәрігер көптеген жылдар бойы Орталық клиникалық ауруханада басшылық етті. Мыңдаған пациенттердің өмірін құтқарды.

Жан-тәнімен ісіне берілген жоғары санатты хирург Орталық Азияда көшбасшылық ететін нейрохирургия, кардиохирургия, онкохирургия және басқа да орталықтарда «ОКА» АҚ дамуын белсенді қолдайды.

Бала кезден бастап дәрігер болуды армандаған. 1992 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Алматы қалалық клиникалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында жұмыс істей бастады. Күнде, таңертең ерте Данияр Аманғалиев ауыр жағдайдағы науқастарды аралап қараудан бастайды, операциялар жасайды, пациенттермен, әріптестермен әңгімелеседі, ұсыныстар айтады, жас мамандарды үйретеді.

Міне, бүгін де Данияр Бахытович Нұр-Сұлтан қаласында марапаттау рәсімінде болса да, әріптестеріне хирургия бөлімшесінің жұмысын, ондағы пациенттердің жағдайын білу үшін қоңырау шалып отырады, өйткені Данияр Бахытович Аманғалиев пациенттердің денсаулығы – бұл басты артықшылық деп есептейді, Д.Б.Аманғалиев – алтын қолды дәрігер.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.