Құрметті жазылушылар бүгін несеп-тас ауруын болдырмау туралы кеңестерді жоғары сыныпты дәрігер, м.ғ.к., денсаулық сақтау жүйесінің үздігі Алибек Ибрагимович Искаков баяндап береді

Құрметті жазылушылар бүгін несеп-тас ауруын болдырмау туралы кеңестерді жоғары сыныпты дәрігер, м.ғ.к., денсаулық сақтау жүйесінің үздігі Алибек Ибрагимович Искаков баяндап береді.⠀

Несеп-тас ауруы кезінде үйде өз-өзін емдеумен айналысуға мүлдем болмайды.

Сондықтан, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу қажет».

✔️Жеткілікті болатындай су ішу.

Бүйректе тастардың пайда болу тәуекелі бір тәулікте жеткілікті болатындай су көлемін ішпейтін адамдардың арасында екі есе жоғары болады;⠀

✔️Тұз бен қантты азайтып, көбірек көкөністер мен жеміс-жидектерді жеу қажет.

Бір тәулікте рұқсат етілетін – 5 грамм, бұл шамамен 1 шәй қасығы.⠀

✔️Лимон жеңіз.

Лимон шырыны қосылған су несепте лимон қышқылы көлемінің ұлғаюына ықпалдасады. Лимон қышқылы кальцийге қымыздық қышқылы бар ерімейтін тұзға айналып кетуіне жол бермейді.

✔️Темекі шегуден бас тартыңыз.

Темекі бүкіл денеде, оның ішінде бүйректе де қан ағымының азаю себептерінің бірі болып табылады. Бүйрекке қан аз барған сайын – соғұрлым олар нашар жұмыс істей бастайды.⠀

✔️Спортпен айналысыңыз.

Физикалық жүктеме күре тамыр қысымын қалыпты күйге келтіруге, бүйректегі қанның микроциркуляциясын жақсартуға және бүйректің созылмалы ауру қаупін азайтуға көмектеседі.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.