Қабылдау бөлімшесі

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның қабылдау бөлімшесі тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейтін, стратегиялық маңызды, емдеу-диагностикалық бөлімшесі болып табылады. Қабылдау бөлімшесіне келетін пациенттерге білікті қызметкерлер қызмет көрсетеді. Бөлімше қызметі қатаң түрде белгіленген алгоритмдер және JCI, ISO стандарттары және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық стандарттары бойынша іске асырылады.

Қабылдау бөлімшесіне ақылы негізде медициналық көмекке жүгіне алады:

  • «ОКА» АҚ-ның жедел медициналық көмек көрсетуі бойынша немесе стационар жағдайында білікті ем жүргізуді талап ететін созылмалы аурулардың ұшығуы бойынша;
  • «ОКА» АҚ стационары немесе емханасы дәрігерінің жіберуі бойынша (жоспарлы емдеуге жатқызу).
  • басқа емдеу мекемелерінен ауысу бойынша (тараптар әкімшіліктерінің келісімі бойынша);
  • «ОКА» АҚ-ның қабылдау бөлімшесіне 8 (727) 261 97 10 телефоны бойынша алдын ала қоңырау шалу арқылы өздігінен келу.

«ОКА» АҚ-ның қабылдау бөлімшесінде функционалдық төсектермен, кардиомониторлармен, ылғалдандырылған оттегімен жабдықталған бақылау палатасы, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге арналған барлық медициналық жабдықтар бар, қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері BLS, ACLS, ATLS бойынша сертификатталған.

BLS  – тірі қалудың алғашқы үш элементінің тізбегін қамтамасыз ету – ерте анықтау және көмек шақыру, ерте жүрек-өкпе реанимациясын, ерте дeфибpилляция жасау. Алгоритмді сапалы орындау, әсіресе, дeфибpилляцияны пайдалану тірі қалу мүмкіндігін әлдеқайда арттырады.

ACLS – кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы.

ATLS  – жарақат алған кезде зардап шегушіге көмек көрсетуге арналған мамандарды (дәрігерлерді) дайындайтын жаттығу курстары.

Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі: 

Ералиев Нурбек Калдыбаевич – екінші санатты дәрігер-терапевт.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.