II соматика бөлімшесі

Қазіргі заманда күнделікті уайым мен күйзеліс әсерінен адамдарда бір қарағанда елеусіз көрінетін сырқат және оның симптомдары туындауы мүмкін. Уақыт өте келе ол мынадай аурулар мен асқынуларға алып келеді — стенокардия, миокард инфаркті, инсульт, гипертониялық криз,  ал ең бастысы еңбек қабылеттілігінің төмендеуі.

Соматикалық аурулар себептерінің бірі көптеген ауруларға алып келетін ағзаның күйзеліс жағдайларына реакциясы болып табылады, бұл жерде білікті көмек керек. Біз мынадай ауруларды емдейміз:

  • Гипертониялық ауру
  • ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы)
  • Дисциркуляторлық энцефалопатия
  • Обструктивті бронхит, созылмалы бронхит, бронхиалды астма
  • Алмасу аурулары (семіздік, стеатоз, гепатоз, қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және т.б.)
  • Радикулит және остеохондроздың басқа да білінуі
  • Инфаркттен және инсульттен кейінгі кезеңдегі оңалту
  • Ұйқы безінің аурулары және басқалары.

Жоғарыда көрсетілген ауруларды анықтау «Орталық клиникалық аурухана» АҚ (Совминка) 2-соматика бөлімшесінде жүргізіледі,  өз пациенттерінің қауіпсіздігіне JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес кепілдік береді.

Сіздерге Еуропа профессорларымен телеконсультация мүмкіндігі ұсынылады.

Диагностика және емдеу әдістері (УДЗ, функционалдық диагностика, КТ және МРТ) швейцария, израиль, жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі  үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен.

2-соматика бөлімшесі  +7 727 261 97 98

II-соматика бөлімшесінің меңгеруішісі,  жоғары санатты дәрігер:

Ли Мария Борисовна

Жетекші мейірбике:

Смагулова Лязат Хамзаевна

+7 701 608 40 02

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.