II кардиология бөлімшесі

Жүректі организмнің қозғалтқышымен жайдан-жай салыстырмайды. Егер бұл қозғалтқыштың жұмысы бұзылса, барлық организмге әсер етуі мүмкін. Жүрек те түрлі аурулармен зақымдануы мүмкін. Ең қауіптілері:

  • жүректің ишемиялық ауруы;
  • жүрек ырғағының бұзылуы;
  • артериялық гипертензия;
  • миокардит;
  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі болып табылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жүрек ауруларынан қайтыс болғандардың 40%-ынан астамы белсенді еңбек қабілеттілігі (54-тен 59-ға дейін) жасындағылар, жүрек аурулары әйелдерге қарағанда ер адамдарда екі есе жиі тіркелген. Зейнеткерлік жастағы адамдарда (60-65 жастан кейін) өлім-жітім көрсеткіші екеуінде де шамамен теңбе-тең.

– бұл да СовМинкаға келудің бір себебі. Кез келген ауруды, соның ішінде жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларын асқындырмай, адамның өміріне қауіп төндірмеуіне жол бермей, оның алдын алу немесе ерте емдеу қажет екендігі баршамызға белгілі.

СовМин ауруханасының 2-кардиология бөлімшесінде JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, жоғарыда аталған ауруларды анықтап, олардың алдын алуға болады.

Еуропалық профессорлардан телеконсультациялар алу мүмкіндігі болады.

Диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Пациенттер қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады.

Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.

«Жағдайыңыздың қиындағанын күтпеңіз! Дәл қазір қоңырау шалыңыз!»

Бөлімше меңгерушісі:

Маханова Балауса Дулатовна  жоғары санатты дәрігер-кардиолог.

Бөлімше қызметкерлері:

Даулетова Гульмира Смагуловна – жоғары санатты дәрігер-кардиолог.

Калиев Рустем Калдыбекович екінші санатты дәрігер-кардиолог.

+7 727 261 97 19  телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.