Кимасар шатқалына саяхат

 

ҚР ПІБ МО «Орталық клиникалық ауруханасы» СОВМИНКА ұжымы 20 шілдеде Кимасар шатқалына барып, Фурманов шыңына көтерілді. Екі жарым сағаттық бұл саяхатта Іле Алатауының таңғажайып сұлулығын көріп қайтты.

Құрметті достар бізді құттықтап қойсаңыздар болады!

2019 жылғы 4 шілдеде  Teens and People журналының нұсқасы бойынша біздің атақты СОВМИНКАМЫЗ ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы ЖЫЛ АУРУХАНАСЫ АТАНДЫ! Дауыс беруге бұл басылымның оқырмандары, біздің пациенттеріміз қатысты.

СОВМИНКАНЫҢ және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы бүкіл жүйесінің 90 жылдығы мерейтойы қарсаңында осындай құттықтау алу тамаша!

Көптеген жылдар бойы біз әрбір пациентке барлық күш-жігерімізді, бүкіл жанымызды, білімімізді және тәжірибемізді аянбай беріп келеміз. Біз әрбір ауруханаға келушіге медициналық көмек көрсетуге дайынбыз.

Сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет!

Мекенжайымыз: Алматы қ., Панфилов к., 139, Шевченко көшесінің қиылысы. Тел.: +7 (727) 261 04 50.

Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан (КҚГҚ) он жасар бала қайтыс болды.

Бұл 2019 жылы басқа жақтан әкелінген геморрагиялық қызбадан қайтыс болған алғашқы жағдай.  Геморрагиялық қызбадан қайтыс болған бала Қырғызстаннан Қазақстанға  ауырып жүрген кезінде-ақ көшіп келген.

2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» тақырыбында семинар өтті.

Дәріс оқушы: Шагманова Сауле Кажигалиевна, жоғары санатты дәрігер-инфекционист.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті жұқпалы ауру. Ол жоғары жұққыштығымен сипатталады. Вирус жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда организмге түседі. Ауру дене қызуының көтерілуі, қатты бас ауыруы, тері және ішкі ағалардан қан кету белгілерінің байқалуымен сипатталады.

Қоздырғыштың табиғи резервуары – кеміргіштер, ұсақ және ірі қара мал, құстар, сүтқоректілердің жабайы түрлері, сондай-ақ вирусты ұрпағына жұмыртқасы арқылы беруші және өмір бойы вирустасымалдаушылар болып табылатын кенелер болып табылады. Вирус кене шаққанда немесе инъекциялармен немесе қан алумен байланысты медициналық процедураларды жүргізген кезде беріледі.

Ауру Ресейде, Орталық Азияда, Қытайда, Болгарияда, бұрынғы Югославия жерінде, Пәкістанда, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африкада (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.) тіркелген.

80% жағдайда 20-60 жас аралығындағы адамдар ауырады.

2018 жылы Қазақстанда КҚГҚ-ның 18 жағдайы тіркелген (Жамбыл облысында – 9 жағдай, оның ішінде – 1 өлім жағдайымен, Қызылорда облысы – 4 жағдай, оның ішінде 1 – өлім жағдайымен, Түркістан облысы – 5 жағдай, оның ішінде – 2  өлім жағдайымен).

Өлім-жітім жағдайы 2-ден 50%-ға дейін құрайды.

ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы Совминка өзінің клиникалық базасында Моңғолия медицина қызметкерлері делегациясын және туристік сектор өкілдерін қарсы алды.

 

ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы Совминка өзінің клиникалық базасында Моңғолия медицина қызметкерлері делегациясын және туристік сектор өкілдерін қарсы алды.

2019 жылғы 6 маусымда ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы Совминка өзінің клиникалық базасында Моңғолия медицина қызметкерлері делегациясын және туристік сектор өкілдерін қарсы алды. Аурухана ішінде инфотур өткізді, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістемелерін таныстырды. Сондай-ақ бұл кездесуге аурухананың жетекші мамандары: М.С.Бердыхожаев,  Г.Н.Хорошаш,  А.А.Жунусов, А.А.Куанышев, М.А.Саршаев қатысты.

Инфотур кезінде: нейрохирургия, кардиохирургия, онкохирургия, офтальмология бөлімшелері, қабылдау бөлімшесі мен оңалту бөлімшесі, операция жасау бөлімшелері мен диагностикалық орталықтың жабдықталуы аса қызығушылық тудырды.

Қонақтар ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы СОВМИНКАДА көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен деңгейін жоғары бағалады.

Елдеріміз арасында өзара тиімді негізде ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Бұл іс-шараны аурухананың маркетинг бөлімі ұйымдастырды.

2019 жылғы 11-12 маусымда Киевте Астана Конвеншн Бюросының қолдауымен Медициналық туризмді дамыту жобасы шеңберінде медициналық және сауықтыру туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті.

 

2019 жылғы 11-12 маусымда Киевте Астана Конвеншн Бюросының қолдауымен Медициналық туризмді дамыту жобасы шеңберінде медициналық және сауықтыру туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті.

2019 жылғы 11-12 маусымда Киевте Астана Конвеншн Бюросының қолдауымен Медициналық туризмді дамыту жобасы шеңберінде медициналық және сауықтыру туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті, оған Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы және отандық жетекші медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты. ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы Совминка РДДО стендіне жарнамалық материалдарды орналастыра отырып, өз мүмкіндіктерін мәлімдеді.

Сондай-ақ бұл іс-шараға Қазақстаннан және Украинадан басқа 10-нан аса: Австрия, Венгрия, Грузия, Үндістан, Латвия, Литва, Польша, Словакия, Түркия, Финляндия және Чехия елдің өкілдері қатысты.

Көрмеге қатысу ҚР клиникалары мен санаторийлеріне шетелдік медициналық туристерді тартуға, отандық медициналық ұйымдарды шетелде дамытуға бағытталған.

Көрмеге қатысушылармен келіссөздер жүргізу барысында өзара тиімді ынтымақтастықды дамыту және нығайту бойынша келісімдер белгіленді. Алдағы уақытта тәжірибе алмасу үшін дәрігер-мамандарды тарту, шеберлік-класстары мен консультациялар жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өткізілген көрме шеңберінде халықаралық мамандардың қатысуымен медициналық туризмді жаһандық дамыту тақырыбында конференция өтті, онда саланың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ «NeuroAddicts» қоғамы және Қазақстан Республикасының «Интервенциялық кардиологтар мен эндоваскулярлық хирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық ассоциациясымен бірлесе отырып, «Ми мен жұлынның артериовеноздық мальформациясы» халықаралық конференциясы – нейроэндоваскулярлық курсын өткізеді.

 

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ «NeuroAddicts» қоғамы және Қазақстан Республикасының «Интервенциялық кардиологтар мен эндоваскулярлық хирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық ассоциациясымен бірлесе отырып, «Ми мен жұлынның артериовеноздық мальформациясы» халықаралық конференциясы – нейроэндоваскулярлық курсын өткізеді.

2019 жылғы 28-30 маусымда ҚР ПІБ Медициналық орталығының және «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның (СовМинка) 90 жылдығына орайластырылған «Ми мен жұлынның артериовеноздық мальформациясы» халықаралық конференциясы – нейроэндоваскулярлық курсы өтеді. Конференция «NeuroAddicts» қоғамы және ҚР «Интервенциялық кардиологтар мен эндоваскулярлық хирургтар қоғамымен» бірлесе өткізіледі.

Конференцияда ми мен жұлынның артериовеноздық мальформацияларын диагностикалау және перспективті нейрохирургиялық емдеу мәселелері талқыланады. Конференцияға нейрохирургия және интервенциялық нейрорадиология саласындағы шетелдік және отандық жетекші мамандар шақырылды. Жоспарланып отырған онлайн-трансляция арқылы интерактивті талқылай отырып, нейроэндоваскулярлық операциялар барысы көрсетілетін болады.

Артериовеноздық мальформация (АВМ) – мида немесе жұлында ретсіз түрде, айқаса орналасқан тамырлардың шумағы тәрізді туа біткен тамырлы патология. Бұл тамырлардың қабырғасы қалыпты жағдайдағы тамырларға қарағанда өте жұқа болады, сондықтан олар жарылып кетуі мүмкін. Ми мен жұлынның АВМ аса жиі кездеспейтін нозологиялық түр болып табылады, алайда күрделі неврологиялық бұзылыстар мен өлім жағдайына алып келуі мүмкін.

Қазіргі кезде СовМинкадағы (ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы) нейрохирургия орталығының білікті дәрігерлері барлық қажетті медициналық емшараларды ең жоғары кәсіби деңгейде жүргізеді және нейроэндоваскулярлық операциялардың түрлі әдістерін белсене қолданады.

Алда болатын конференцияның мақсаты – Әлемнің 16 елінің дәрігер-нейрохирургтарының өзара тәжірибе алмасуы.

Артериовеноздық мальформацияны эндоваскулярлық емдеу туралы толығырақ білгіңіз келсе, төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады:

+7 777 216 17 99 (Асем Ахметова – маркетинг бөлімі)

+7 775 550 15 35 (Саршаев Марат – Совминканың дәрігер-нейрохирургы)

Шеберлік-сыныбының өту орны: Алматы қ., Панфилов к., 139 «Орталық клиникалық аурухана» АҚ. 

Өту күні: 2019 жылғы 28 – 30 маусым.

Өту уақыты: сағ: 08:00

 

www.sovminka.kz

Темекі тартудың алдын алуды және темекіге тәуелділікті емдеуді ұйымдастыру бойынша шеберлік-классы

 

Темекі тартудың алдын алуды және темекіге тәуелділікті емдеуді ұйымдастыру бойынша шеберлік-классы

2019 жылғы 26 маусым Жаңалықтар

Емдеуге болатын көрсеткіштердің жылдам жақсаруы және темекі тартудан бас тарту өмірден ерте өту қаупін төмендетудің нәтижесі ретінде!

2019 жылғы 26 маусымда ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасында (Совмин ауруханасы) темекі тартудың алдын алуды және темекіге тәуелділікті емдеуді ұйымдастыру бойынша шеберлік-классы өтті.

Шеберлік-классын Pfizer Export B.V. компаниясының қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтау магистры, дәрігер Н.А.Сулейманова дайындады.

Оқыту материалдарының негізіне төмендегілер кірді:

  • ҚР ДСМ-ның №49 «Темекі тартудан пайда болатын психикалық және мінез-құлық бұзылулары (ересектер мен балаларға арналған)» клиникалық хаттамасының ұсынымдары;
  • темекіге тәуелділікті емдеу бойынша ENSP ұсынымдары (темекі тартудың алдын алу және темекіні тұтынудың еуропалық желісі), темекіге тәуелділікті емдеу бойынша іс-шаралар мен стратегияларды іске асырудың толық нұсқаулығы.

Совминканың медицина қызметкерлері пациенттің темекі тарту жағдайын бағалау дағдысын кеңейтті, қысқаша сұхбат жүргізілді, темекі тартудан бас тартуды басқару, сондай-ақ никотинге тәуелділік терапиясының заманауи құралдары туралы білімдерін тереңдетті.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.