«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы қағидалары

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ президентінің
2019 жылғы «____»___________
№ ____
бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның
Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның (бұдан әрі – Аурухана) Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы осы қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №304 Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын және Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығына (02.05.2019 жылғы өзгерістері бар), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты кәсіпорындарында ақылы негізде көрсетілетін қызметтер ақысын бекіту және мөлшерін анықтау Қағидаларын бекіту туралы» 23.08.2011 жылғы №86 бұйрығына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен Аурухананың ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.
2. Ақылы қызметтер көрсету туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағида) Аурухананың азаматтарға ақылы медициналық қызмет көрсетудің бірыңғай тәртібі мен шартын ұсынуды және ақылы медициналық қызмет көрсетуші барлық медицина қызметкерлері орындауға міндетті. Осы Қағидаларды әрекетке енгізу мерзімі оларды бекіту туралы бұйрықта көрсетілген.
3. Ақылы медициналық қызмет көрсету мақсаты аурухана Жарғысына көзделген негізгі нысандар мен қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін ақылы медициналық қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
4. Аурухана олардың көмекке жүгінген сәтінен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасымен белгіленген тәртібінде халыққа уақтылы және сапалы ақылы медициналық қызмет көрсетуге жауапты.
5. Ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және олардың тұратын жеріне қарамастан, азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі.
6. Осы қағидаларда төмендегі түсініктер қолданылады:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ шетелдіктерге және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмек көрсетудің көлемі;
2) ақылы медициналық қызметтер – ТМККК-ге кірмейтін пациенттердің өз қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін қызметтер, ерікті медициналық сақтандыру және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген, тыйым салынбаған басқа да көздер жүйесі;
3) ақылы бөлімшелер (палаталар) – ТМККК-ге кірмейтін ақылы медициналық қызмет көрсетуге арналған Ауруханадағы бөлімшелер (палаталар);
4) қызметкерлер – ауруханамен еңбек қатынасында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмыстарды тікелей орындайтын жеке тұлға.
5) пациент – ақылы негізде, соның ішінде шартқа сәйкес Ауруханаға медициналық көмекке жүгінген жеке тұлға.
6) прейскурант – бағалары көрсетілген ақылы медициналық қызметтер тізбесі.
7) төсек-күн – стационар қызметін есепке алу бірлігі, пациенттің Ауруханада өткізген бір тәулігі.
8) тіркелген контингент – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығына (бұдан әрі – Медициналық орталық) тіркелген тұлғалар тізбесі, оған мемлекеттік қызметшілер, олардың отбасы мүшелері және мемлекет алдында еңбегі сіңген азаматтардың жекелеген санаттары кіреді.
9) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры – қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Ақылы медициналық қызмет көрсету тәртібі

7. Аурухана қызметтерді президент бекіткен қолданыстағы Прейскурант бойынша көрсетеді.
8. Ауруханадағы ақылы медициналық қызметтер аурухана Емханасына медициналық көмекке жүгінген, ақылы негізде стационарға емдеуге жатқызылған, сондай-ақ ТМККК-ден тыс Аурухана пациенттеріне және тіркелген контингентке Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының 28.06.2019 жылғы №08/169 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету қағидалары шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерден тыс көрсетілуі мүмкін.
9. Пациентке ақылы медициналық қызмет көрсетліген кезде ТМККК шеңберінде медициналық көмектің тиісті түрлері мен көлемін алу мүмкіндігі туралы ақпарат қолжетімді түрде ұсынылады. Осыған орай, пациент оның ТМККК алу құқығы туралы ақпарат бере отырып, ақылы медициналық қызмет алуға жазбаша ерікті келісімі толтырылады. ТМККК пациенттерді Аурухананың дәрілік формулярына кірмейтін дәрілік заттармен қамтамасыз ету пациенттің жазбаша келісімімен ақылы негізде іске асырылады.
10. Емдеуші дәрігерлер көрсетілген ақылы медициналық қызметтер туралы құжаттамалар жүргізеді. Амбулаториялық және стационарлық емдеуде болған пациентке көрсетілген ақылы медициналық қызметтің әрбір жағдайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актілердің №6697 тіркелген) медициналық құжаттамада (стационарлық науқастың медициналық картасы, амбулаториялық науқастың медициналық картасы) көрсетіліп, негізделуі тиіс.
11. ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері де ақылы медициналық қызмет көрсетуге қатыса алады.
12. Президент, вице-президенттер, құрылымдық бөлімше меңгерушілері, пациентті диагностикалау мен емдеуге мүдделі емдеуші дәрігер мен дәрігер-маман, сондай-ақ орта медицина қызметкерлері өз құзыреттілігі шегінде көрсетілетін ақылы медициналық қызметтер сапасына жауапты болады.
13. Ақылы медициналық қызмет көрсетілетін пациенттерге Аурухана:
1) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде медициналық қорытынды;
2) стационарлық, стационар алмастырушы көмек көрсету, соның ішінде қалпына келтіре емдеу (оңалту) жүргізген кезде сырқатнамадан алынған жазба;
3) көрсетілген қызметтердің саны мен құны көрсетілген қызметтер тізбесі туралы ақпарат ұсынады.
14. Бюджет қаражаты есебінен сатылып алынған медициналық жабдықтар ақылы медициналық қызмет көрсетуде қолданылуы мүмкін.

3. Аурухана емханасында қызмет көрсету тәртібі

15. Пациент емханаға ақылы медициналық қызмет алуға жүгінген кезде:
1) Пациентке тіркеу орнында амбулаториялық карта ашылады, ол карта маманға барғаннан кейін немесе емшараны қабылдағаннан кейін тіркеу орнына қайта өткізіледі және Емхананың міндетті есепті нысаны болып табылады. Емхананың тіркеу орнында Прейскуранты бар медициналық қызметтер тізбесі мен дәрігерлердің жұмыс кестесі бар көрнекі ақпарат болуы тиіс.
16. Медициналық қызметті таңдағаннан кейін пациент оны Баға прейскуранты бойынша төлейді. Аурухана кассасында 2 данада фискалды чек пен төлем чегі беріледі, фискалды чек пациентте қалады, екінші төлем чегі медициналық қызметті көрсететін маманға беріледі. Пациенттерді қабылдау, емшараларды жасауды емхана дәрігерлері пациент төлем чегін көрсеткен кезде ғана жүргізеді.
17. Ақылы медициналық қызметтер көрсетілетін емхана бөлімшелерінде, кабинеттерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген нысанда медициналық құжаттар жүргізіледі.
18. Пациенттің Емханаға медициналық көмекке жүгінген кезде осы Қағидаларды орындау жауапкершілігі емдеу жүргізетін дәрігерге, бөлімше меңгерушілеріне, емхана жөніндегі вице-президентке жүктеледі.
19. Емханадағы ақылы медициналық қызметтер ақылы негізде амбулаториялық-емханалық көмекке жүгінген пациенттерге көрсетіледі, сондай-ақ ТМККК-ден тыс пациенттерге де көрсетілуі мүмкін және пациенттің жазбаша ақпараттандырылған келісімімен (Қағидаға 9-қосымшадағы нысан бойынша) және Ақылы медициналық амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге көпшілік шарт негізінде іске асырылады, онымен Емханада және/немесе Аурухана сайтында (Қағидаға 10-қосымшадағы нысан бойынша) танысуға болады.

4. Пациенттерді Аурухана стационарына емдеуге жатқызу тәртібі

20. Пациенттерді Аурухана стационарына ақылы негізде емдеуге жатқызу жазбаша өтініші (Осы Қағидаларға №6 қосымша) мен Ақпараттандырылған келісімі мен пациенттің ақылы медициналық қызметті алғандығын және «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның Баға прейскурантымен (осы Қағидаларға №8 қосымша) танысқандығы туралы растамасы және Ақылы медициналық қызмет көрсету шарты (стационарлық емдеу) (осы Қағидаларға №1 қосымша) (бұдан әрі мәтін бойынша – Шарт), сондай-ақ жекелеген белгіленген нысан бойынша ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында жасалған жылдық кешенді медициналық қарап-тексеру жүргізу шарты негізінде іске асырылады.
Шартта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Пациенттің стационарда емделу қағидалары мен шарты, емделу құны мен оған ақы төлеу тәртібі, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіледі.
Шарт пациент пен аурухана арасында ақылы медициналық қызмет көрсетуге дейін жасалады.
Аурухананың қабылдау бөлімшесінде Прейскуранты бар көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесі, ТМККК шеңберінде және ақылы негізде медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің жұмыс кестесі және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге де ақпараты бар көрнекі ақпарат орналастырылған.
Ақылы медициналық қызмет көрсету кезінде кенеттен болған аурулар, жағдайлар кезінде, созылмалы аурулардың ұшығуы кезінде пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда мұндай медициналық көмек Кодекске сәйкес ақысыз ұсынылады.
21. Пациент емдеуге жатқызылған кезде оның емдеуге жатқызу өтінішінде көрсетілген төсек/күн санының құнын міндетті тәртіпте толығымен төлейді, сондай-ақ клиникалық-диагностикалық медициналық қызметтер, дәрілік заттар, шығыс материалдары, операциялық араласулар және т.б. үшін елу еселік айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – 50 АЕК) кем емес мөлшерде алдын ала төлем жүргізеді. Аз инвазивті операциялар кезінде (бір күндік операциялар) осы қағидаларға №7 қосымша, пациент 15 АЕК мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді және нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін ақы төлей отырып, бір төсек-күнді төлейді.
Пациентті аванстау Шарттың жалпы сомасынан кем дегенде 80 пайыз мөлшерінде рұқсат етіледі. Қалған сома осы Қағидалар тәртібінде – көрсетілген ақылы медициналық қызметтерді есепке алу парағын беру, соның ішінде ауруханадан шыққан күні факті бойынша (осы Қағидаларға №2 қосымша) төленеді.
22. Емдеу процесі кезінде пациент сервистік қызметтерді жақсарту жағынан бастап барынша қарапайым жаққа, егер ауруханада сондай мүмкіндік болса, мысалы, екі орынды палатадан үш орынды палатаға немесе керісінше ауысуы мүмкін.
Бұл өзгерістер шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын пациенттің жазбаша жазылған өтініші бойынша еркін нысанда жасалады.
23. Төсек/күн құнына соңғы төлем пациенттің стационарда нақты емделген күндеріне жүргізіледі.
Пациентті емдеуге жатқызу күні (ауруханаға түскен күн) мен стационардан шыққан күні аз инвазивті операцияларды қоспағанда жекелеген күндер болып есептеледі №7 қосымша – хирургиялық бейіндегі бөлімшелердің операциялары кезінде пациентті емдеуге жатқызу күні мен шыққан күні бір күн болып есептеледі.
24. Стационардағы төсек-күн құнын төлеу шығыстарына: пациенттің стационарда емделуі, оны тамақтандыру, ол емдеуге жатқызылған бөлімше медицина қызметкерлерінің қызмет көрсету кіреді.
Дәрілік заттар, ауруды емдеу стандарттарына сәйкес қолданылатын медициналық шығыс материалдарының, аурухананың өзге бөлімшелеріндегі диагностика мен өзге де емшаралардың құны төсек/күн төлеміне кірмейді.
Осыған орай, пациент Аурухананың қолданыстағы Баға прейскуранты бойынша ақылы негізде Аурухананың ғана дәрілік заттарымен емделеді және осы Қағидаларға №3 және №4 қосымшалардағы нысан бойынша Дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парағында тіркеледі.
25. Емдеудің барлық кезеңі ішінде зерттеудің барлық түрлерін, сондай-ақ аурухананың басқа бөлімшелері жасайтын емшараларды пациент ақы төлегеннен кейін, оның ішінде қосымша және қымбат тұратын медициналық қызметтер үшін пациенттің жазбаша келісімімен Аурухана көрсетеді.
26. Пациент стационарда емдеуде жатқан кезеңнен үш күн өткеннен кейін, сондай-ақ емдеуде болатын қалған мерзімі ішінде пациенттің келісетіндігі туралы қолы қойылған және қосымшада көрсетілген өзге де медицина қызметкерлерінің қолдары бар жүргізілген алдын ала төлемді ескере отырып, осы Қағидаларда белгігенген тәртіпте бөлімше оған аралық төлем жүргізу үшін №2 Медициналық қызметтерді есепке алу парағын, №3 Қосымша дәрілік заттарды есепке алу парағы, №4 Қосымша шығыс материалдарын есепке алу парағын ұсынады.
27. Пациент ауруханадан шығарылған күннен кешіктірмей, нақты көрсетілген ақылы медициналық қызметтер көлеміне, соның ішінде төсек/күн үшін, медициналық қызметтерді және дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарына сәйкес (бұдан әрі – медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдары есепке алу парағы) (Қағидалардың №2, 3, 4 қосымшалардың нысаны бойынша) ауруханада болу кезеңінде аванс пен бөліп төленген төлемді есепке ала отырып, Аурухана кассасына төленеді. Сондай-ақ пациент Аурухананың ағымдағы шотына аудару арқылы төлем жүргізе алады.
28. Аурухана тарапынан медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарына қол қоятын уәкілетті тұлғаларға: пациент емдеуде болған бөлімшедегі: меңгеруші, емдеуші дәрігер, жетекші мейірбике қол қояды. Пациент тарапынан пациенттің өзі және/немесе оның заңды өкілі және/немесе пациент үшін көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеудің жазбаша кепілдігіне қол қойған тұлға (жазбаша кепілдік шартқа қоса беріліп отыр және оның ажырамас бөлігі болып табылады) қол қояды. Кепілдік мәтін осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда жасалады.
29. Бөлімшенің жетекші мейірбикесі пациенттің ауруханада болу кезеңінде жасалған алдын ала төлем, қызметтерді бөліп төлеу сомаларын есепке ала отырып, пациентке төлем жүргізу үшін қолына берілетін медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарының дубликаты толтырылады, пациент ауруханадан шығарылған күні қолданыстағы Баға прейскурантына сәйкес есепке алу парақтарында көрсетілген қалған соманы Аурухана кассасына төлейді.
30. Кассада пациенттің қолына екі данада фискалды чек пен төлем чегі беріледі, қызметтерді/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарының дубликаты кейіннен ақылы медициналық қыметтен түскен ақша қаражатын талдау және бағалау бөліміне берілетін Аурухана кассасында қалады.
Төлем чегінде көрсетілген ақылы медициналық қызметтер құны туралы ақпарат болады.
Ақылы медициналық қызметтерге, соның ішінде төсек/күн санына төлем чегінің бір данасы пациентте қалады, екіншісі сырқатнамаға жабыстырылады. Пациент Ауруханада болған кезеңде көрсетілген қызметтерге төлем (диагностикалық және өзге де емшаралар) іс жүзінде, яғни, қызмет көрсетілген күні төленеді.
Медициналық қызметтерді/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарының дұрыс толтырылуына емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі жауапты.
Электрондық сырқатнамаға дәрілік заттардың қолданылуы бойынша деректердің дұрыс енгізілуіне бөлімшенің пост, емшара мейірбикелері мен жетекші мейірбике жауапты.
Дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парағы дәрігерлік тағайындамалар парағындағы деректер негізінде жасалады.
Медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтары пациент емдеуде болған бөлімшеде сырқатнамаға жабыстырылады.
31. Ауруханамен жылдық кешенді медициналық қарап-тексеру жүргізуге Шарт жасасқан пациенттің стационарлық медициналық қызметтерге ақы төлеуі егер өзгесі тараптардың келісімі бойынша шартта көзделмеген болса, Аурухана ұсынған атқарылған жұмыстар актісіне сәйкес осы шартта көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі.
32. Пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу тәулік ішінде жүргізіледі. Емдеуге жатқызу күні түскен уақытына қарамастан емдік-диагностикалық емшаларалар тағайындалады және емдәмдік тамақтандыру ұйымдастырылады. Стационардан шығу күні пациенттерге емдәмдік тамақтандыру және тағайындалған емдеу кешені ұйымдастырылады.
33. Стационардың қабылдау бөлімшесіне емдеуге жатқызу кезінде пациент және оны ертіп жүрген тұлға Аурухананың ішкі тәртіп қағидаларымен, осы Қағидалармен, Аурухананың Баға прейскурантымен таныстырылуы тиіс.
Пациент Ауруханаға емдеуге жатқызуға келіскен жағдайда ол Аурухана президентінің атына өтінішті және Шартты толтырады, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мөлшерде алдын ала төлем жүргізеді және Пациентті емдеуге жатқызу өтінішінде көрсетілген барлық төсек-күндердің құнын төлейді.
34. Жоспарлы тәртіпте стационарлық емдеуге жатқызылатын пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты, мүмкін болса емдеуге жатқызуға емханадан берілген қажетті талдаулардың (микрореакцияға қан, электрокардиография мерзімі 10 күннен аспаған, кеуде қуысының флюорографиясы, (мерзімі 1 жылдан көп емес) жолдамасы болуы тиіс. Шұғыл операцияға, жіберілген, клиникалық және/немесе эпидемиологиялық көрсеткіштермен тексеруге жататын адамдар үшін АИТВ маркерін тексеру нәтижелері 10 күнге жарамды. Басқа пациенттерге АИТВ-ға ИФТ талдау мерзімінің жарамдылығы 3 айдан көп емес. Алмасу картасынсыз келіп түскен жүкті әйелдер және шұғыл операция жасауға келіп түскен пациенттерді емдеуге жатқызған жағдайда бұдан әрі ИФТ тексерулерімен АИТВ-ның барына зерттеу жүргізу үшін экспресс тесттерді пайдалануға рұқсат етіледі. ИФТ-гепатиттері: HBS, Ag, AntiHCV) (мерзімі 3 айдан көп емес).
35. Пациент қабылдау бөлімшесіне жолдамасыз және қосымша тексеру тізімінсіз келген кезде пациент Аурухананың емханасына жоспарлытексеру жүргізу үшін жолданады. Стационардың қабылдау бөлімшесінде тексеруге қолданыстағы Бағалау прейскурантына сәйкес төлем үшін жедел науқастар ғана жатады.
36. Төлем туралы төлем чегі, Президенттің атына жазылған емдеуге жатқызуға өтініш, Шарт, медициналық қызметтерді/дәрілік заттарды және шығын материалдарын есепке алу парағы, емханадан жолдама (немесе жедел жәрдемнің ілеспе парағы), қабылдау бөлімшесінде жүргізілген тексеру нәтижелері, өзіне қатысты бөлікте Аурухана қызметкерлерімен сырқатнамаға жабыстырылады.
37. Емдеуге жатқызу кезінде осы Қағидалардың сақталуына жауапкершілік қабылдау бөлімшесінің меңгерушісіне және емдеу жұмыстары жөніндегі Вице-Президентке және хирургия жөніндегі Вице-Президентке жүктеледі.
38. Көрсетілетін қызметтерге уақтылы және/немесе толық төлем жүргізбегендігіне, соның ішінде осы Қағидалар тәртібін сақтауға бөлімше меңгерушілері, емдеуші дәрігерлер мен жетекші мейірбикелер жауапты.
39. Стационарлық емдеуге жіберу кезінде Аурухананың жіберген дәрігері пациентке емдеуге жатқызу шарттары, баға прейскуранты және төлем жүргізу тәртібі туралы ақпарат беруге міндетті.
40. Сондай-ақ Ауруханада стационардың мамандарымен қолданыстағы Бағалар прейскурантына сәйкес ақылы медициналық консультациялар жүргізіледі.
Консультациялар стационар мамандарымен төлем туралы чекты көрсеткеннен кейін жүргізіледі.
Консультация нәтижелері бойынша пациенттерге консультациялық қорытынды және/немесе медициналық құжаттамада қажетті жазбалар жасалады.

5. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге есептесу процедурасы

41. Аурухана пациентке қолданыстағы Бағалар прейскурантына сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге шот ұсынылады:
42. Пациент есептесуді келесі тәртіпте жүргізеді:
1) бақылау-кассалық машинаны міндетті қолданумен фискальді жадымен қолма-қол ақша төлеу жолымен, Аурухана кассасына қаражат төлеу бұл ретте пациентке фискальді чек пен төлем чегі міндетті түрде беріледі;
2) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша Аурухананың ағымдағы есептік шотына «Ақылы қызметтерден қаражатқа» ақша аудару және пост-терминал арқылы төлем.
43. Пациентке төленген соманы қайтару немесе төленген сомаменкөрсетілген қызметтер құны арасындағы айырмашылығы келесі жағдайларда қайтарылады:
1) көрсетілген қызметтердің толық емес көлемі (пациент қызметтен бас тартқан жағдайда);
2) жеке емшара және манипуляцияның қарсы көрсетілімі болған жағдайда;
3) медициналық қызмет реактив болмаған, медициналық құрал-жабдық сынған, маман болмаған, форс-мажорлық жағдайларда;
4) нақты көрсетілген қызметтер үшін жасалған алдын ала төлемді қайта есептеу жағдайында.

6. Ақылы медициналық қызметтерді көрсету шарттары

44. Ақылы медициналық қызметтерді Аурухана ауру саласы және медициналық қызмет көрсетуге лицензия сәйкес болған жағдайда көрсетеді.
Ақылы медициналық қызметтерді көрсету келесі шарттарда көрсетіледі:
1) пациенттің бастамасымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық және емдеу қызметтерін, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымының жолдамасынсыз көрсету;
2) ТМККК тізбесіне кірмейтін қымбат медициналық зерттеулерді жүргізу;
3) шетелдіктерге және азаматтағы жоқ тұлғаларға медициналық көмек көрсету;
4) медициналық көрсетілімсіз медициналық-генетикалық зерттеулер;
5) ұйымдармен шарт бойынша медициналық көмек көрсету, соның ішінде ерікті медициналық сақтандыру;
6) дәрілік формулярға кірмеген дәрілік заттармен емдеу;
7) жұмысқа және оқуға бару үшін азаматтарды медициналық тексеру;
8) қосымша сервистік қызметтер көрсету: диагностика және емдеудің қазіргі жаңа технологияларын қолдану, пациенттерді емдеу үшін жайлы шарттар жасау.
45. Аурухана ішкі тәртіпке, жұмыс тәртібі, аурухана мамандарымен қабылдау кестесіне сәйкес ақылы медициналық қызметтер көрсетеді.
46. Аурухана Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген диагностика мен емдеу стандарттарына (хаттамаларына) сәйкес ақылы медициналық қызметтер көрсетіледі.
47. Тікелей ақылы медициналық қызметтер көрсететін Аурухана, сондай-ақ маман Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
1) сапасыз медициналық қызметтер үшін;
2) шарт талаптарына орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін;
3) пациенттің денсаулығы және өміріне зиян келтірген жағдайда;
4) көрсетілген қызметтер үшін артық төлем алғаны үшін;
5) дәрігерлік құпияны ашқаны үшін;
6) табыс алу мақсатында, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында мемлекеттік органмен жүргізілетін тексеріс кезінде фактісі анықталған негізделмеген диагностикалық және емдік манипуляциялар үшін жауапты болады.

7.Ақылы медициналық қызмет көрсетуден түскенқаражатты пайдалану тәртібі

48. Көрсетілген ақылы медициналық қызметтерден алынған қаражат келесі тәртіпте шығындарды жабуға бағытталады:
1) ақылы медициналық қызметтерді көрсететін ақылы медициналық қызмет көрсетуге тікелей қатысатын және бөлімшелердің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ететін басқа қызметкерлер, сондай-ақ қосымша ақшалай төлемдерге, соның ішінде өтемақылық сипаттағы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу (ақылы қызметтерді көрсетуден алынған қаражаттың жалпы көлемінен 50% көп емес);
2) салық және басқа міндетті төлемдерді бюджетке төлеу;
3) іссапаралық шығындарды өтеу;
4) дәрі-дәрмектерді, шығын материалдарын және медициналық мақсаттағы басқа құралдарды сатып алу;
5) азық-түліктерді сатып алу;
6) өзге тауарларды сатып алу;
7) ғимараттар, орын-жайлар, құрал-жабдықтарды және басқа негізгі құралдардың күтімі, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
8) коммуналдық қызметтерді төлеу;
9) біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлауға байланысты қызметтерді төлеу;
10) капиталды сипаттағы шығындар (негізгі құралдарды сатып алу және капилады жөндеу);
11) өзге қызметтерді төлеу.
49. Ақылы медициналық қызметтерден түскен қаражат есебінен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу түрлері мен әдістері қорытынды нәтиже бойынша Аурухана қызметкерлерінің еңбегіне дифференцияланған ақы төлеу қағидаларымен реттеледі.
50. Аурухана президенті көрсетілген ақылы медициналық қызметтерден қаражаттың қатаң мақсат бойынша бекітілген даму жоспарына сәйкес дұрыс пайдаланылуына жауап береді.

8. Ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша есеп және есептілікті жүргізу тәртібі

51. Ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша медициналық құжаттама денсаулық сақтау жүйесі саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысандарға сәйкес болуы тиіс.
52. Ақылы медициналық қызметтер көрсететін ауруханалар ақылы медициналық қызметтердің бағалары медициналық, сервистік қызметтер және басқа қосымша шығындарға байланысты шығындардың барлық түрлерін есепке алумен анықталады және жартыжылдықта бір реттен жиі емес қарастырылуы мүмкін, бухгалтерлік есепке алу және есептілік ТМККК көрсету бойынша және ақылы қызметтер бойынша бөлек жүргізіледі.
53. Ақылы медициналық қызметтердің бағасы ТМККК үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгілеген ұқсас медициналық қызметтер тарифінен төмен емес белгіленеді.

9. Ақылы негізде қызмет көрсетілетінпациенттің құқықтары және міндеттері

54.Пациенттің:
1) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдау, ауыстыруға;
2) дәрігердің кәсіби дайындығы, пациентке көрсетілетін көмекті түзетуге жауапты емдеуші дәрігердің аты-жөні, сондай-ақ емдеу-диагностикалық үдерісте қатысатын басқа мамандардың аты-жөні және дайындық деңгейі туралы ақпарат алуға;
3) пациент дәрігерден және өз денсаулығы мен жүргізілетін емдеукурсы туралы ақпарат алуға;
4) жедел медициналық көмектен басқа ұсынылатын емдеу курсына келісуге немесе бас тартуға болатындай мүмкін болатын емдеу әдістері, күтілетін емдеу нәтижесі, емдеудің альтернативті әдістері туралы ақпарат алуға;
5) оған көрсетілген медициналық көмек (қызмет) шығындары турады ақпарат алуға (талап бойынша);
6) диагностика, емдеу және күтім үдерісінде жақсы күтімге, өзінің мәдени және деке құндылықтарына құрметпен қарауға;
7) ешқандай дискриминациялық факторлардың әсерінсіз медициналық критерийлер негізінде анықталатын кезектікте медициналық көмекке;
8) тағайындалған қосымша тексеру және емдеу, оның құны қажеттілігі туралы ақпарат алуға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге құқықтарға құқылы.
55. Пациенттің медициналық құжаттарындағы ақпарат (медициналық көмекке жүгіну, денсаулық жағдайы, диагноз және тексеру және емдеу кезінде алынған басқа мәліметтер туралы), дәрігерлік құпия болып табылады және пациенттің келісімінсіз Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығы туралы заңнамасымен қарастырылған негіздер бойынша ғана ұсынылуы мүмкін.
56. Егер пациентке медициналық қызметтерді көрсету дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын пайдалануды қажет етсе, Аурухана пациенттің талабы бойынша осы қызметтерді көрсетуге қажетті және пайдаланылған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техника туралы ақпаратты ұсынуға тиіс (кеплдік мерзімдер).
57. Пациент медициналық алғышарттарды сақтауға және бұған қажетті мәліметтерді хабарлауды қоса сапалы қызметтерді қамтамасыз ететін талаптарды орындауға міндетті. Пациент жартылай көрсетілген, немесе көрсетілмеген қызмет үшін уақтылы толық көлемде төлеуге, егер оның кінасы бойынша мүмкін болмаса жауап береді.
58. Пациент Аурухана қызметінің ішкі тәртібін сақтауға, темекі өнімдерін ғимаратта және Аурухана аумағында пайдаланбауға, сондай-ақ Ауруханада емдеуге жатуға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге талаптарын сақтауға тиіс.

10. Қорытынды ережелер

59. Осы Қағидаларды Аурухананың Президенті бекітеді. Қағидаларға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Президенттің қарауына және бекітуіне беріледі.
60. Осы Қағидалар, ақылы қызметтердің барлық түрлері және Баға прейскуранты халықтың назарына жеткізіледі, атап айтқанда, көрнекі ақпараттық жерлерде (тіркеу орындарында, қабылдау бөлімшесінде) және Аурухананың барлық басқа бөлімшелеріндегі орналастырылады.

Орталық клиникалық аурухана» АҚ
Ақылы медициналық қызмет көрсету
туралы қағидаларға
1-қосымша

№ __________
Ақылы медициналық қызмет көрсету
шарты
(стационарлық емдеу)

Алматы қ. 20___ жылғы «___» ___________

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ бұдан әрі «Аурухана» деп аталатын бір тараптан ___________________________________негізінде әрекет ететін, _________________________________________атынан
______________________________________________________________________
(аты-жөні, құжаттар, жеке куәлігінің мәліметтері)
Екінші тараптан бұдан әрі «Пациент», бірлесе «Тараптар» деп аталатын төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
1. Шарттың мәні

1.1. Аурухана Пациентке ақылы медициналық қызметтер-стационарлық емдеу көрсетеді (бұдан әрі – қызметтер), ал Пациент осы шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде көрсетілген қызметтерге ақы төлейді.
1.2. Пациент емдеуге жатқызылады және қызметтерді алған сәтте әрекет ететін Ауруханада бекітілген Баға прейскурантына сәйкес осы Шартта және Аурухананың ақылы медициналық қызмет көрсетуі туралы Қағидаларда белгіленген тәртіпте қолданыстағы қызметтерді алған сәттен бастап Ауруханаға шығындардың орнын толтырады.
1.3. Пациентке қызметтерді ұсыну орны – Алматы қ., Панфилов к., 139, Аурухана ғимараттарында.
1.4. Қызметтерді көрсету мерзімі – Пациенттің ауруханада стационарлық емдеуде болу уақыты шегінде.
2. Ақылы қызмет көрсетудің өзара есеп айырысу процедурасы
2.1. ПАциент Аурухана ұсынған медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарына сәйкес осы Шарттың 2.2., 2.4-тармақтарын есепке ала отырып, нақты көрсетілген көлем бойынша осы Шарттың 2.8-тармағында көрсетілген мерзімінен кешіктірмей, Ауруханаға соңғы төлем жүргізеді.
2.2. осы Шартты жасасу кезінде Пациент Аурухана кассасына төлейді:
(қажеттісін сызыңыз)
• осы шартты жасасқан кезде және/немесе күні Пациент Аурухана кассасына ағымдағы қаржылық жылдағы АЕК мөлшері есебінен 50 (елу) АЕК-тен кем емес мөлшерде аванс және кейіннен осы шарттың 2.1-тармағы мен 3.2-тармағының 3.2.2-тармақшасындағы тәртіпке сәйкес стационарлық емдеуде болған мерзімдегі, сондай-ақ стационардан емдеуден шығарылған күні қалған соманы төлей отырып және емдеуге жатқызу кезеңінің ішінде көрсетілген Қызметтер үшін бөліп төлеуді есепке ала отырып, оның емдеуге жатқызу өтінішінде көрсетілген төсек/күн санының құнын толығымен төлейді.
• Аурухана бекіткен тізбеге сәйкес аз инвазивті операциялар жасау кезінде пациент 15 АЕК мөлшерінде алдын ала төлем және бір төсек-күн үшін төлем жүргізеді, кейіннен нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізеді.
2.1. Пациент осы Шарттың тәртібінде және шартында ____________________________________________________________________
_________________________________________________________________стационарлық емдеуге ақы төлеуге міндетті.
(Пациент емдеуге жатқызылатын бөлімше атауы, палатаны (бір орынды, екі орынды, үш орынды), пациенттің ауруханаға жатқызу өтінішінде көрсетілген төсек/күн саны)
)’
2.4. Ауруханаға жатқызу кезінде Пациент Ауруханаға _______төсек/күнге :_____________________________теңге сомада және теңге мөлшерінде аванс төледі. _______________________________________________________________тенге
(Ескертпе: осы шарттың 2.4-тармағы Пациент ауруханаға жатқызылған кезде төлеген төлемінің есебінен (5-қосышадағы өтініш бойынша төсек/күн, кем дегенде 50 немесе 15 АЕК-тен кем емес мөлшерде алдын ала төлем) толтырылады).
2.5. Төсек/күн құнын төлеуге: Пациенттің бөлімшеде болуы, оны тамақтандыру, ол емдеуге жатқызылған бөлімшедегі медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуі бойынша шығыстары кіреді.
Дәрілік заттар, ауруды емдеу стандарттарына сәйкес қолданылатын медициналық шығыс материалдарының, аурухананың өзге бөлімшелеріндегі диагностика мен өзге де емшаралардың құны төсек/күн төлеміне кірмейді.
Осыған орай, Пациентті емдеу шарттың №3 және №4 қосымшаларындағы нысан бойынша дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алау парағында жазылатын Аурухананың қолданыстағы Баға прейскуранты бойынша ақылы негізде тек аурухананың дәрілік заттары, медициналық шығыс материалдарымен ғана жүргізіледі.
2.6. Төсек/күн құнына соңғы төлем осы Шарт талаптарына сәйкес Пациенттің стационарда нақты өткізген күндері үшін төленеді.
2.7. Төлем жүргізілген кезде аз инвазивті операциялық араласулардан басқа (бір күндік операция), ауруханаға жатқызу күні (ауруханаға түсу) мен пациентті стационардан шығарған күн жеке күндер ретінде есептеледі, №6 Қосымша – хирургия бейініндегі бөлімшелер осы операциялар кезінде емдеуге жатқызу күні мен ауруханадан шығару күні бір күн болып есептеледі.
2.8. Зерттеудің барлық түрлеріне, сондай-ақ аурухананың басқа бөлімшелері жасаған емшараларға пациент ақы төлейді (олар шарттың 1-қосымшасы болып табылатын медициналық қызметтерді есепке алу парағында жазылады).
Медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2.9. Ауруханадан шығарылған күні Пациент медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарына сәйкес осы Шарттың 2.2-тармақшасы мен 2.4.-тармағын есепке ала отырып, көрсетілген ақылы медициналық қызметтердің нақты көлемі үшін Аурухана кассасына соңғы төлем жүргізеді. Сондай-ақ төлем осы Шарттың 11-бөлімінде көрсетілген Аурухананың ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізілуі мүмкін.
Аурухана тарапынан медициналық қызметтер/дәрілік заттар мен медициналық шығыс материалдарын есепке алу парақтарына қол қоятын уәкілетті тұлғаларға: Пациент емдеуде болған бөлімшедегі: меңгеруші, емдеуші дәрігер, жетекші мейірбике қол қояды. Пациент тарапынан пациенттің өзі және/немесе оның заңды өкілі және/немесе пациент үшін көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеудің жазбаша кепілдігіне қол қойған тұлға (жазбаша кепілдік шартқа қоса беріліп отыр) қол қояды. Кепілдік мәтін осы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда жасалады.
2.10. Аурухана кассасында Пациентке қолма-қол қабылданған ақшаны растайтын төлем туралы фискалды чек және төлем чегі беріледі.
2.11. Емдеу курсы уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда Аурухана Пациентке төленген сома мен көрсетілген қызметтерге төленген нақты құнының арасындағы айырмашылықты төлейді. Пациент стационардан мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда оны ауруханадан шығару тәртібі шарттың 5.3-тармағын есепке ала отырып, жүргізіледі (пациенттің стационарда болуының белгіленген режимін бұзу түріндегі).

3. Тараптардың міндеттері
3.1 Аурухана:
3.1.1. Пациентке қолжетімді түрде ақылы негізде медициналық қызмет ұсынуға ақпараттандырылған келісімді ала отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген кһөлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) медициналық көмектің тиісті түрлері мен көлемін алу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынуға;
3.1.2. Ауруды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, бұл нозологиялар бойынша клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда – медициналық көрсеткіштер бойынша дәлелді медициналың жалпы қабылданған тәсілдері мен базасына сәйкес медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
3.1.3. Медициналық қызметпен айналысу лицензиясына сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
3.1.4. Пациенттің емдеу нәтижелеріне қанағаттануының ең жоғары дейңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
3.1.5. Пациентке белгіленген мерзімде көрсетілген медициналық және сервистік қызмет түрлерін көрсете отырып, төлем жүргізуге белгіленген құжаттарды ұсынуға;
3.1.6. Пациент көрсетілетін қызметтерге толығымен төлем жүргізгеннен кейін сырқатнамасынан жазба ұсынуға;
3.1.7. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат еткен дәрілік заттарды қолдана отырып, диагностика, профилактика мен емдеу әдістерін пайдалануға;
3.1.8. Пациентке медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, шұғыл және сенімді ақпарат беруге;
ix. Басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара әрекеттестік жасауға және өз
қызметінде сабақтастықты сақтауға;
x. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға айналадағыларға қауіп
төндіретін инфекциялық аурулар, улану, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар (аурулар) жағдайлары, төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдары, ішкі істер органдарына – жіті жарақат, жаралану бойынша, қылмысты түсік, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар туралы хабарлап отыруға;
3.1.11. ҚР заңнамасында көзделген өзге міндеттерді орындауға міндетті.
3.2. Пациент:
3.2.1. дәрігерлік кеңестерді орындауға;
3.2.2. осы Шартта көзделген тәртіпте қызметтерге уақтылы ақы төлеуге міндетті:
1) ауруханаға жатқызылған кезде 2.2-тармақты ескере отырып, ауруханаға жатқызу өтінішінде көрсетілген барлық төсек/күн құны мен 50 АЕК мөлшеріндегі авансты төлеу;
2) стационарда емдеуде болған мерзімде зерттеудің барлық түрлерін, сондай-ақ оны алғанға дейін немесе кейін, соның ішінде басқа бөлімшелер көрсеткен емшараларды төлеу;
3) ауруханадан шығарылған күні осы тармақшаның 1), 2) абзацтарын есепке ала отырып, нақты көрсетілген медициналық көмекке қалған соманы соңғы төлеу.
3.2.3. ішкі режим және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, Аурухана мүлкіне күтіммен қарау, медициналық көмек алған кезде медициналық қызметкерлермен ынтымақтастықта болу;
3.2.4. өз денсаулығын сақтау және нығайтуға шаралар қабылдау;
3.2.5. медициналық қызметкерлермен сөйлесуде құрмет пен әдептілік білдіру;
3.2.6. пациент дәрігерге диагнозды қоюға және ауруды емдеуге қажетті барлық ақпаратты хабарлау, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін пациент дәрігердің барлық белгілеулерді қатаң орындау;
3.2.7. медициналық қызметкерлерге диагностика және емдеу кезінде өз денсаулығы жағдайының өзгеруі туралы, сондай-ақ қоршаған адамдарға қауіп төндіретін аурулар пайда болған жағдайда, немесе соған күмәнданған жағдайда уақтылы хабарлау;
3.2.8. егер ол Аурухананың медициналық қызметкерлері ұсынған медициналық көмек алудан бас тартса, оны алудан ақпараттандырылған ерікті бас тарту туралы құжатқа қол қою;
3.2.9. басқа пациенттің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамау;
3.2.10. Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған басқа міндеттерді орындау.
4. Тараптардың құқықтары
4.1. Пациенттің:
4.1.1. бөлімшеде жұмыс істейтіндердің ішінен емдеуші дәрігерді таңдауға;
4.1.2. медициналық көмектің сапасына және дәрігерлік тағайындаманың негізділігіне қанағаттанбаған жағдайда жүргізілген емнің сапасына сараптама жүргізуге;
4.1.3. өз денсаулығы туралы, Аурухана көрсеткен қызметтердің көлемі, түрі және құны, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алуға. Бұл ретте пациент Ауруханаға өз денсаулығы туралы келесі (одан кейінгі) тұлғаға рұқсат береді:_____________________________________
(Жақын туыс немесе басқа тұлғаның аты-жөні)
4.1.4. өз денсаулығы туралы тәуелсіз пікірді білуге және консилиум өткізуге;
4.1.5. диагностика, емдеу және күтім үдерісінде лайықты қарауға, өзінің мәдение және деке құндылықтарына құрметпен қарауға;
4.1.6. емдеу үдерісінде стационардағы шарттарды сервистік қызметтерді жақсарту, сондай-ақ қарапайым шарттарға ауыстыруға, егер Аурухананың мұндай мүмкіндігі болса, мысалы, екі орындық палатадан үш орындық немесе керісінші ауысуға құқығы бар.
Бұл ретте мұндай өзгерістер пациенттің жазбаша өтінішімен жүргізіледі және ол осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
4.1.7. Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған басқа құқықтарға ие болуға құқылы.
Пациенттің Аурухана ғимараттарында және аумағында темекі шегуге құқығы жоқ.
4.2. Аурухана:
4.2.1. Аурухана пациент ауруханалық режимді бұзған және осы Шартпен қарастырылған дәрігердің тағайындамасын орындамаған жағдайда емдеуді уақытынан ерте тоқтатуға;
4.2.2. өзінің кәсіби абыройы мен намысын қорғауға, соның ішінде Аурухана қызметкерлерінің;
4.2.3. Пациент сақтамаған немесе тиісті сақтамаған жағдайда:
1) Осы Шарттың 3.2 т. 3.2.2.т. 1), 2) пациентке қызметтер көрсетпеу және қарастырылған тәртіпте шарттан бас тарту. Бұл ретте, Аурухана Шартты бұзу күніне пациент төлеген және пайдаланбаған соманы аурухана шотына Пациенттің қарызы болса соны өтеуге аударуға құқығы бар.
4.2.4. Қазақстан Республикасының Заңымен және осы шартпен қарастырылған басқа құқықтарға ие болуға құқылы.

5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Аурухана:
5.1.1. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Пациентке көрсетілетін қызметтердің сапасы мен уақтылығына;
5.1.2. Ауруханада ережелердің және ақылы қызметтер көрсету шартарының бұзылуына жол бергеніне жауап береді.
5.2. Пациент Ауруханаға нақты көрсетілген медициналық көмек үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауап береді.
5.3. Шарттың талаптарын бұзуға, соның ішінде Пациент Аурухананың ішкі режимін және тәртібін, емдеу бойынша ұсынымдарды бұзғаны үшін жауап береді, соңғысы емдеудің жағымсыз салдарына жауап бермейді және Пациентке шартты бұзу күні хабарлай отырып, бір жақты тәртіпте Шартты орындаудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Пациент Ауруханаға нақты шығындарды шарттың бұзылу күніне төлеуге, сондай-ақ Ауруханаға нақты шығындар сомасынан 0,1% тұрақсыздықты төлеуге міндетті.
5.4. Пациент осы Шарттың 3.2т. 3.2.2т. көрсетілген тәртіпті және/немесе төлем мерзімін бұзғаны үшін Аурухана Пациентке төлемді кешіктірген әр күні үшін шотты беру күніне нақты шығындар сомасынан 0,1% тұрақсыздықты төлетуге құқылы.
5.5. Медициналық көмек көрсету бойынша Аурухана тарапынан Шарт талаптарын бұзу Шарттың күшін жоюына және Аурухананың Шарт бойынша Пациенттің нақты шығындары сомасынан 0,1% тұрақсыздықты төлеуге әкеледі.
5.6. Барлық даулар мен шағымдарды Тараптар келіссіөздер арқылы шешуге міндеттенеді. Келісімге келмеген жағдайда дауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органдарында шешуге жатады.
5.7. Пациенттің материалдық құндылықтарының сақталуына Аурухана жауап бермейді.
6. Шартты өзгерту және бұзу
6.1. Осы Шарт талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертіле және толықтырыла алады.
6.2. Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ниетін тараптар алдын ала ескертулері тиіс, атап айтқанда: Пациент – Ауруханаға жазбаша түрде бір күн бұрын, Аурухана осы шартты бұзатын күні.
6.3. Шарттан бір жақты бас тарту Шартта көрсетілген жағдайлардан басқа, сондай-ақ Аурухана шартта негізделген міндеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайларға жол беріледі (карантин, тексеру үдерісінде мамандандырылған емдеу мекемесінде емдеуді талап ететін ауруды тапқан кезде және т.б.).
7. Құпиялылық
Осы Шарттың барлық талаптары және одан шығатын, немесе онымен байланысты құжаттама құпия болып табылады. Аурухана (заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа) Пациенттің аурулары туралы мәліметтерді, Тараптармен осы Шартты орындауға тартылған қызметкерлерден басқа және өзінің лауазымы мен кәсібінің арқасында ақпаратқа қолы жететін үшінші тұлғаларға таратпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат сол қызметкерлерге құпия түрінде, Пациенттің келісімімен және Шарт міндеттерін орындауға қажетті деңгейде ұсынылуы тиіс.
8. Форс-мажор
Тараптар осы Шарт бойынша еңсерілмейтін күш жағдайлары себебі бойынша, бірақ оны шектемейтін, яғни бұл жағдайда төтенше және жол берілмейтін жағдайда: табиғи апат, өрт, эпидемия, әскери әрекеттер, Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы билік органдарының шешімдері, осы Шарт бойынша міндеттерді тиісті орындауға тікелей әсер еткен жағдайда міндеттерді жартылай немесе толық орындалмауына жауап бермейді. Мұндай жағдайларға Аурухананың осы Шарт бойынша міндеттерін орындауды мүмкін емес ететін коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметінің өнім берушілері кәсіпорындарының әрекет етуі және әрекет етпеуі жатады.

9. ДАУЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
9.1. Шартты орындауға байланысты пайда болған кез-келген даулар мен келіспеушіліктер Тараптармен келіссіөздер арқылы шешіледі.
9.2. Дауларды келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аурухананың орналасу орны бойынша Алматы қ-сы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында сот тәртібінде шешуге жатады.
10. Қорытынды ережелер
10.1. Осы Шарт талаптарымен реттелмеген барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алады.
10.2. Тараптардың бірде-біреуі осы Шарт бойынша өз міндеттерін екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
10.3. Осы Шартқа қол қоя отырып, Пациент:
10.3.1. оған қызметті көрсету күніне қолданыстағы Бағалар прейскурантына сәйкес ҚР ДСМ бекіткен ауруларды емдеу және диагностикалау хаттамаларына сәйкес жүргізілетін шеңберінде барлық қажетті ақылы медициналық қыземттерді көрсетуге, ақылы стационарлық емдеуді жүргізуге келісім береді.
10.3.2. Аурухананың қолданыстағы Баға прейкурантымен, ақылы медициналық қызметтерді көрсету ережелерімен, ішкі тәртіппен танысқанын растайды.
10.3.3. осы Шартта көрсетілген тәртіпте және мерзімде көрсетілген медициналық қызметтер үшін толық төлем жасауға кепілдік береді.
10.3.4. осы Шарт өз еркімен және келісімімен қол қойылғанын растайды.
10.4. Осы Шарт бірдей заңды күші бар екі данада, жасалады, бір данасы Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.
10.5. Осы Шарт тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Шарт бойынша барлық міндеттерді толық орындағанға дейін әрекет етеді.
11. Тараптардың мекенжайы және реквизиттері
«Аурухана»
«Орталық клиникалық аурухана» АҚ
Алматы қ., Панфилов к., 139, а/ж
250
СТН 600700016613,
БСН 990340005977, Кбе 16,
БСК SABRKZKA,
ЖСК KZ52914398914 BC36409
Алматы қ. «Сбербанк» АҚ ЕБ,
тел.: 8 (72 72) 61 38 88, 261 44 93,
Тел.: 8 (327) 261 97 10 Факс: 261 22 42 Маркетинг бөлімі: 261 97 38 (748)

Басшының Т.А.Ә._______________
___________________________ «Пациент»

Аты-жөні ______________________
Жеке куәлік (төлқұжат)
№_______________________________
Кіммен берілді____________________
«___»_______20___ж.
Тұратын мекенжайы:
______________________________
_______________________________
__________________________________

Үй телефоны ______________________
Ұялы телефоны____________________
Аты-жөні және қолы
___________________________________

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ
Ақылы медициналық қызмет көрсету
туралы қағидаларға
№2 қосымша

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
Бөлімше ______________________________________________________
Пациенттің аты-жөні _____________________________________________
Сырқатнама № _____________________________________________
Емдеуші дәрігердің аты-жөні_______________________________________________________

Медициналық қызметтерді жүргізу күні Дәрігердің аты-жөні Медициналық қызмет атауы бағасы саны сомасы

ЖАЛПЫ СОМАСЫ:
Пациенттің және/немесе оның заңды өкілінің және/немесе пациент үшін ақы төлеуге жазбаша кепілдік берген тұлғаның аты-жөні, келісетіндігі туралы қолы _______________

Емдеуші дәрігердің аты-жөні және қолы
Бөлімше меңгерушісінің аты-жөні және қолы________________
Жетекші мейірбикенің аты-жөні және қолы
Ақылы медициналық қызметтен түскен қаражатты талдау және бағалау бөлімі маманының аты-жөні мен қолы
Күні 20 жылғы ___ « »____________

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ
Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы
қағидаларға 3- қосымша

ДӘРІЛІК ЗАТТАР ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
Бөлімше_______________________________________________
Пациенттің аты-жөні_____________________________________________________
Сырқатнама № _______________________________________________________
Емдеуші дәрігердің аты-жөні ______________________________________________

Дәрілік заттар және шығын медициналық материалдарының атауы Өлшем бірліктің бағасы Саны, өлшем бірлігі Сома

ЖАЛПЫ СОМАСЫ:
Үстеме шығындар жалпы сомадан (15%)
Төленетін жалпы сома:
Пациенттің және/немесе оның заңды өкілінің және/немесе пациенттің ақы төлеу туралы жазбаша кепілдік беруі туралы келісімі _________________ _______________________________

Емдеуші дәрігердің тегі және қолы
Бөлімше меңгерушісінің тегі және қолы__________________
Жетекші мейірбикенің тегі және қолы
Ақылы медициналық қызметтен түскен қаражатты талдау және бағалау бөлімі маманының аты-жөні мен қолы
Күні « » 20 ___ж.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ
Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы
қағидаларға 4- қосымша

ШЫҒЫС МЕДИЦИНАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
Бөлімше_______________________________________________
Пациенттің аты-жөні_____________________________________________________
Сырқатнама № _______________________________________________________
Емдеуші дәрігердің аты-жөні ______________________________________________

Дәрілік заттар және шығын медициналық материалдарының атауы Өлшем бірліктің бағасы Саны, өлшем бірлігі Сома

ЖАЛПЫ СОМАСЫ:

Пациенттің және/немесе оның заңды өкілінің және/немесе пациенттің ақы төлеу туралы жазбаша кепілдік беруі туралы келісімі _________________ _______________________________

Емдеуші дәрігердің тегі және қолы
Бөлімше меңгерушісінің тегі және қолы__________________
Жетекші мейірбикенің тегі және қолы
Ақылы медициналық қызметтен түскен қаражатты талдау және бағалау бөлімі маманының аты-жөні мен қолы
Күні 20 ___ж. «_______ » ___________

Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы
қағидаларға 5- қосымша

ҮЛГІ

Кепілдік хат
Мен,__________________________________________________________
Өтініш берушінің аты-жөні
жеке куәлік № ______________, кім берді _____________
берілген күні_________________________,
Мекенжайда тұратын:______________________________________
Пациент үшін «Орталық клиникалық аурухана» АҚ ақылы медициналық қызметтер көрсету (стационарлық емдеу) туралы «___»______20___ж. №___ Шарт негізінде көрсетілген ақылы медициналық қызметтер көрсетуге
____________________________________________________________
пациенттің аты-жөні
______________(___________________________) теңге төлеуге міндеттенемін.
санмен жазумен
Төлемді қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз
(қажеттісін сызу)
________________________________________________________кешіктірмей
_________________________________________________________________
(төлеу күнін көрсету, мысалы: пациенттің стационардан шыққан күнінен кешіктірмей немесе нақты төлем күнінен кешіктірмей және т.б.)
төлеуге міндеттенемін.
_________________________(___________)
Қолы Өтініш берушінің аты-жөні
20____ ж. «____»____________

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ
Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы
қағидаларға 6-қосымша
(стационарлық емдеу)

«ОКА» АҚ Президентіне

кімнен ______________________________________
туған жылы ____________________________
тұрғылықты орны __________________________
қала ауданы_______________________________
жұмыс орны_________________________________
атқарып отырған лауазымы _______________________

ӨТІНІШ

Мені________________________________________________________________ диагнозбен _____________________________күнге _____________________________________________________________ бөлімшесіне емдеуге жатқызуыңызды сұраймын.
Қазіргі уақытта _________ төсек/күн ақысын төлеймін.

АҚЫСЫН ТӨЛЕУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕМІН

«Орталық клиникалық
аурухана» АҚ
Ақылы медициналық
қызмет көрсету туралы
қағидаларға 8-қосымша

Пациенттің ақпараттандырылған келісімі және ақылы медициналық қызметті алуы туралы және «Орталық клиникалық аурухана» АҚ Баға прейскурантымен таныстырылғаны туралы растауы

Мен, __________________________________________________ «ОКА» АҚ
(пациенттің немесе заңды өкілінің ТАӘ)

қабылдау бөлімшесінде Баға прейскурантымен танысқанымды растаймын және осы Прейскурантта көрсетілген бағалар бойынша маған медициналық қызмет көрсетуге келісімімді беремін.
Сондай-ақ, «ОКА» АҚ қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері стационар бөлімшесінде және «ОКА» АҚ басқа емдеу бөлімшелерінде барлық ем алу кезеңінде мен өзіме ыңғайлы кез-келген уақытта «ОКА» АҚ Баға прейскурантымен қосымша таныса алатыным туралы ақпарат алғанымды растаймын.

______________________ 20___ж. «_____»_________

«Орталық клиникалық
аурухана» АҚ
Ақылы медициналық
қызмет көрсету туралы
қағидаларға 9-қосымша

Пациенттің ақпараттандырылған келісімі және «Орталық клиникалық аурухана» АҚ Емханасы амбулаториялық қызметтерінің Баға прейскурантымен таныстырылғаны туралы растауы

Мен,________________________________________________________________ «ОКА» АҚ Емханасында «ОКА» АҚ Баға прейскурантымен танысу мүмкін болғанын растаймын және осы Баға прейскурантында көрсетілген бағалар бойынша маған медициналық қызмет көрсетуге келісімімді беремін, сондай-ақ ақылы медициналық амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге Жария шарт талаптарымен таныстым және келісемін.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда АИТВ, сифилис, В және С вирустық гепатиттерден басқа зерттеу нәтижелерін менің өкіліме беруге келісімімді беремін.
____________________________________________________________________
(өкілдің толық ТАӘ көрсетіңіз)
Осы Ақпараттандырылған келісімде көрсетілген дербес деректерді тексердім, дұрыс енгізілген.

___________________________________________________________________
(сөзбен «келісемін» деп жазыңыз, ТАӘ, қолтаңбасы)

Күні 20 __ ж. «___» ______________

«Орталық клиникалық
аурухана» АҚ
Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы
қағидаларға 10-қосымша

Ақылы медициналық амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге көпшілік шарт

Алматы қ. 2019 жыл

Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, Жарғы және медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған 21.12.2011 жылғы №0159143 лицензия негізінде әрекет ететін президент Д.Б.Аманғалиев және бұдан әрі «Пациент» деп аталатын кез-келген жеке тұлға төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
1. Жалып ережелер
1.1. Осы шарт көпшілік шарт болып табылады және ақылы медициналық қызметті ұсынудың барлық мәнді шарттарын қамтиды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) тегін медициналық қызмет көрсету осы шарттың мәні болып табылмайды;
1.2. Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер үшін бірдей болып табылады.
1.3. Осы шарттың талаптарын толық және сөзсіз құптаудың (қабылдаудың) куәлігі, сондай-ақ шарт жасасу күні Пациенттің шарт талаптарын орындау, атап айтқанда қызметті (қызметтерді) алу және/немесе оны төлеу бойынша әрекетті жүзеге асыру болып табылады.
1.4. Бұл шарт белгіленбеген мерзімге жасалады.
2. Шарттың мәні
2.1. Осы шарт бойынша Орындаушы Пациентке дәрігер келгенге дейінгі ақылы, амбулаториялық-емханалық және белгіленген тәртіпте бекітілген ақылы медициналық қызметтер прейскурантына (бұдан әрі – Прейскурант) сәйкес өзінің қызмет бейіні бойынша стационарлық көмекке (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер) жатпайтын өзге де жұмыс және қызмет көрсетеді.
2.2. Орындаушы өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасы – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы ҚР Кодексіне (19.04.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), «Орталық клиникалық аурухана» АҚ Ақылы медициналық қызмет көрсету қағидаларына және медициналық қызметті жүзеге асыруға қолда бар лицензияға сәйкес жүзеге асырады.
2.3. Орындаушы осы шарт бойынша әкімшілік белгілейтін күні және сағатта қызмет көрсетеді және Пациентке жеткізіледі.
3. Тараптардың міндеттері
3.1. Орындаушы:
3.1.1. Пациентке ТМККК шеңберінде медициналық көмектің тиісті түрі мен көлемін алу мүмкіндігі туралы ақпаратты қолжетімді түрде жеткізуге;
3.1.2. Орындаушының қолында бар лицензияға және ақпараттық келісім мен ала отырып және «ОКА» АҚ Емханасы амбулаториялық қызметінің Баға прейскурантымен (Ақылы медициналық қызмет көрсету қағидаларына №9 қосымша) және осы шартпен таныстыру туралы пациенттің растауын алумен Пациенттерге ақылы медициналық көмек көрсету бойынша қызмет ұсынуға;
3.1.3. Пациентке осы шарт бойынша медициналық қызмет көрсету кезеңінде әрекет ететін Прейскурантпен танысу мүмкіндігін ұсынуға;
3.1.4. Пациент медициналық қызметке жүгінген кезде дәрігерлік құпия туралы заңнама талаптарына сәйкес оның денсаулығының жай-күйі туралы құпиялылық режимді қамтамасыз етуге;
3.1.5. Медициналық қызмет көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті қолдауға;
3.1.6. Пациентке құрметпен және адамгершілікпен қарауға;
3.1.7. Осы шарттың 5-бөлімінде белгіленген тәртіпте Пациент ақша қаражатын төлегеннен кейін осы шартқа сәйкес толық көлемде диагностика мен мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, сапалы медициналық қызмет көрсетуге;
3.1.8. Пациентке көрсетілген медициналық қызметтің, сондай-ақ одан келіп түскен ақша қаражаттарының түрлеріне, көлеміне, құныныа есеп жүргізуге міндетті.
3.2. Пациент:
3.2.1. Осы шарттың 5-бөлімінде белгіленген тәртіпте Орындаушы бекіткен Прейскурантқа сәйкес медициналық қызмет көрсеткенге дейін оның құнын және тек қана Орындаушының қассасы арқылы уақытылы төлеуге;
3.2.2. Орындаушыда жүргізілмеген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса) ұсынуға, сондай-ақ өзінің денсаулығы туралы барлық мәліметтерді, соның ішінде дәрілік заттарға аллергиялық реакциялары, басынан өткерген және осы ауруы туралы және емдеу барысына әсер етуі мүмкін басқа факторлар туралы хабарлауға.
Өзінің денсаулыңы туралы жасырған немесе толық ақпарат бермеген жағдайда емдеу нәтижесі үшін Орындаушы жауап бермейді;
3.2.3. Осы шарт бойынша ақылы медициналық қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстыруға;
3.2.4. Медициналық қызмет көрсететін мамандардың барлық ұйғарымдарын, тағайындамаларын, ұсынымдарын орындауға, Орындаушының ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, қауіпсздк техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
3.2.5. Емдеу курсынан өту кезінде көңіл күйіндегі кез-келген өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге хабарлауға;
3.2.6. Орындаушының дәрігерлерінің пікірі бойынша Пациенттің денсаулығының қаупін азайтатын немесе басатын қызметтен бас тартқан жағдайда медициналық көмектен тиісті ерікті ақпараттандырылған бас тартуға;
3.2.7. Пациент қызмет алуға келмеген және/немесе белгіленген уақыт бойынша 15 (он бес) минуттан аса кешіккен жағдайда Орындаушы қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметтен бас тарту құқығын өзіне қалдырады;
3.2.8. Орындаушының мүлкіне ұқыптылықпен қарауға;
3.2.9. Өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға
3.2.10.Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
3.2.11.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4. Тараптардың құқықтары
4.1. Орындаушы:
4.1.1. Орындаушының пікірі бойынша Пациент оның денсаулығы үшін қауіпті азайтатын немесе жоятын қызметтен бас тартқан жағдайда Пациентке осындай бас тартудан оның денсаулығына келтірілуі мүмкін салдарын түсіндіре отырып, медициналық көмектен тиісті ерікті ақпараттық бас тарту алуға;
4.1.2. Пациент дәрігердің кеңесін бұзған жағдайда, Орындаушының медицина қызметкерлерінің кәсіби абыройы мен намысына моральдық зиян келтіргенде ем жүргізуді мерзімінен бұрын тоқтатуға.
4.1.3. Төлем жүргізбеген жағдайда және фискалды чек пен төлем чегін ұсынбағанда Орындаушы осы Шарт шеңберінде медициналық қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
4.2. Пациент:
4.2.1. Оның қызметіне араласпай, Орындаушы көрсететін қызметтердің барысы мен сапасын кез келген уақытта тексеруге;
4.2.2. Егер оған бұған дейін берілген түсіндірмелер түсінікті болмаса, Орындаушыдан өзінің денсаулық жағдайына қатысты қосымша түсіндірмелер талап етуге құқылы.
5. Көрсетілетін медициналық қызметтердің құны және есеп айырысу тәртібі
5.1. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің құны Пациент көмекке жүгінген сәтте Орындаушы бекіткен қолданыстағы Ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер прейскурантына сәйкес белгіленеді.
5.2. Пациент көрсетілетін медициналық қызметтерге Орындаушының кассасында қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес қызмет көрсету басталғанға дейін толық көлемде өзі (немесе оның келісімі бойынша басқа тұлға) төлейді.
Орындаушының кассасы Пациентке қолма қол ақша қабылдағанын растайтын фискалды чек пен төлем чегін ұсынады.
5.3. Пациент Орындаушының басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексерілуден немесе емдеуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін медициналық қызметтер үшін төленген сома Пациентке оның жеке куәлігі, фискалды чек пен төлем чегінің болуымен қолма қол немесе қолма қол ақшасыз есепте қайтарылады.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте жауапты болады.
6.2. Орындаушы Пациент шарттың 3.2.2-тармағына сәйкес өзінің денсаулығы туралы толық ақпарат бермеген жағдайда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына жауапты болмайды.
6.3. Егер Пациент берілген медициналық кеңестерді бұзу нәтижесінде болған жағдайда Орындаушы Пациенттің денсаулығына келтірілген зиян немесе ода сауығу фактісінің болмауы үшін жауапты болмайды.
6.4. Егер бұл орындамау осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі болатын еңсерілмейтін күш немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса (табиғи апаттар, эпидемия, әскери қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешім қабылдауы және т.б.), тараптар осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін ішінара немесе толық орындаудан немесе тиісті орындаудан босатылады.
6.5. Пациент Орындаушының ішкі еңбек тәртібін, ұсынымдарын орындамаған жағдайда шарт талаптарын бұзғаны үшін Орындаушы жүргізілетін емнің жағымсыз салдары үшін жауапты болмайды және шартты бұзған күні Пациентке бұл туралы хабарлай отырып, біржақты тәртіпте Шарттан бас тартуға құқылы, осыған орай, Пациент шарт бұзылған күні іс жүзіндегі шығынды төлеуі тиіс.
6.6. Орындаушы Пациенттің материалдық құндылықтарының сақталуына жауапты болмайды.
7. Шарт талаптарының өзгеруі
7.1. Орындаушы осы шарттың талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін. Шартта болған өзгерістер Орындаушының сайтында жарияланады, сондай-ақ Емхана холлында электрондық форматта болады. Өзгерістер оларды жария орнатқан сәттен бастап күшіне енеді. Редакциясы әртүрлі оқылған жағдайда Емхана холлындағы редакциясы басым болады.
8. Шарттың әрекет ету мерзімі
8.1. Осы шарт оны жария орналастырған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар өздерінің міндеттемелерін орындаған немесе шартты бұзған сәтке дейін әрекет етеді.
9. Өзге талаптар
9.1. Шарт талапатарына қарсы келмей, Пациент және Орындаушы кез келген уақытта Қағида тәртібінде жазбаша екіжақты құжат түрінде Шартты ресімдеуге құқылы.
9.2. Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауларды тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері арқылы шешуге міндеттенеді. Тараптардың осы шартты орындау шеңберіндегі барлық реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте, қызметтердің көрсетілу орны бойынша Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотында шешіледі.
10. Құпиялылық
10.1. Тараптар осы шартты орындау кезінде алынған ақпаратқа қатысты кұпиялылықты сақтауға міндеттенеді.

Орындаушы:
«Орталық клиникалық аурухана» АҚ
БСН 990340005977
Басшы: президенттің міндетін атқарушы – Д.Б.Аманғалиев
Мекенжайы: Алматы қ., Панфилов к., 139
«Сбербанк» АҚ ЕБ, БСК SABRKZKA
Есеп айырысу шоты – KZ52914398914ВС36409

БЕКІТЕМІН
Президенттің міндетін атқарушы Д. Аманғалиев

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.