Темекі тартудың алдын алуды және темекіге тәуелділікті емдеуді ұйымдастыру бойынша шеберлік-классы

 

Темекі тартудың алдын алуды және темекіге тәуелділікті емдеуді ұйымдастыру бойынша шеберлік-классы

2019 жылғы 26 маусым Жаңалықтар

Емдеуге болатын көрсеткіштердің жылдам жақсаруы және темекі тартудан бас тарту өмірден ерте өту қаупін төмендетудің нәтижесі ретінде!

2019 жылғы 26 маусымда ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасында (Совмин ауруханасы) темекі тартудың алдын алуды және темекіге тәуелділікті емдеуді ұйымдастыру бойынша шеберлік-классы өтті.

Шеберлік-классын Pfizer Export B.V. компаниясының қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтау магистры, дәрігер Н.А.Сулейманова дайындады.

Оқыту материалдарының негізіне төмендегілер кірді:

  • ҚР ДСМ-ның №49 «Темекі тартудан пайда болатын психикалық және мінез-құлық бұзылулары (ересектер мен балаларға арналған)» клиникалық хаттамасының ұсынымдары;
  • темекіге тәуелділікті емдеу бойынша ENSP ұсынымдары (темекі тартудың алдын алу және темекіні тұтынудың еуропалық желісі), темекіге тәуелділікті емдеу бойынша іс-шаралар мен стратегияларды іске асырудың толық нұсқаулығы.

Совминканың медицина қызметкерлері пациенттің темекі тарту жағдайын бағалау дағдысын кеңейтті, қысқаша сұхбат жүргізілді, темекі тартудан бас тартуды басқару, сондай-ақ никотинге тәуелділік терапиясының заманауи құралдары туралы білімдерін тереңдетті.