Совминкадағы жүрек күні

 

Совминкадағы жүрек күні

Қазіргі уақытта жүрек-қан тамыры аурулары бүкіл әлемдегі өлім-жітім жағдайының негізгі себепшісі болып отыр. Оның ішінде ең көп тараған және ең қаупітісі жүректің ишемиялық ауруы, ол жиі жағдайда инфарктіге алып келеді. Осыған байланысты адамдардың көпшілігі тіпті осындай аурулардың бар екендігі туралы білмейді, жүрек ұстамасы денсаулығы жақсы болса да, болып қалуы мүмкін.

Жүрек ауруларын ерте анықтау мақсатында «ОКА» АҚ емханасы Дүниежүзілік жүрек күніне және Ауруханамыздың 90 жылдығына арналған «Жүрегіңді қорға» акциясын ұйымдастырады, акция 2019 жылғы 12 қазанда сағат 09:00 – 13:00 аралығында өткізіледі.

Акция шеңберінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары кардиологтар мен эндокринологтардың тегін консультацияларын ала алады, емханамызда жеңілдікпен тексеріле алады.

Сондай-ақ пациенттер «белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебіне бара алады, онда жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу бойынша ұсынымдар беріледі, сонымен қатар, дұрыс тамақтану және саламатты өмір салты туралы жаднама беріледі.

Баршаңызды 12 қазан күні сағат 09:00 бастап Алматы қ., Шевченко к., 59 (Байсейітова к-ң қиылысы) мекенжайында күтеміз.

Анықтама телефондары: +7 727 261 04 50 – call-center

+7 707 140 23 46 – СӨС дәрігері – Флюра Камунаевна

+7 778 447 43 30 – МҚО басшысының орынбасары – Гузалия Александровна