Гипербаротерапия – жоғары атмосфералық қысымы бар оттегін емдеу-профилактикалық мақсатта қолдану.

Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында Гипербаротерапия – жоғары қысымы бар оттегін (гипербария) емдеу-профилактикалық мақсатта қолдану әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс негізделетін қағида физикалық механизмдер арқылы тіндерді газбен қанықтыруды және таратуды реттейтін физика заңдарымен шартталады. Адам бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін тамақсыз өмір сүре алады, ал оттегінсіз мүлдем өмір сүре алмайды. Оттегінің организм үшін рөлі өте зор. Тіпті, тіндер мен ағзаларға оттегі жетіспесе, организмге кері әсер етеді. Гипербаротерапияны емдеу-профилактика үшін пайдаланудың мынадай әсері бар: бронхолиялық, метаболизмдік, компрессиялық және рекомпрессиялық, ауырсынуды басатын.  Барлық аурулар кезінде оттегін тасымалдау бұзылған жағдайда сол ағзаның тінінде гипоксия пайда болады (оттегінің жетіспеушілігі), әсіресе, гипоксияға ми мен жүрек сезімтал болып келеді. Гипоксия түрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін: тамыр өткізгіштігінің, қанмен қамтитын ағзалар қызметінің бұзылуынан, гемоглобин деңгейінің төмендеуінен және басқа да себептерден болуы мүмкін. Науқастар барокамерада жатады немесе отырады. Барокамераны герметизациялағаннан кейін онда сығылған ауа жүйесі арқылы қысымды арттырады. Барокамераны желдету уақытын желдетілетін бөліктің көлемі мен науқастар санына байланысты белгілейді. Әрбір келесі желдету бірінші желдету ұзақтығының тура жартысына тең аралық уақытта жүргізіледі. Күн сайын жүргізілетін процедуралардың жалпы ұзақтығы 60 минутты құрайды.

Гипербариялық оксигенация әдісі кез келген гипоксияны жоғары қысым арқылы емдеуге мүмкіндік береді. Ал, гипобариялық бейімделу әдісі науқастың және дені сау адам организмінің қорғану күшін арттырады.

Дәрілік препараттардың көп және қолжетімді болуы, пациенттің тек жақсы дәрілер ғана көмектеседі деген сенімділігі дәрігерге адамда табиғатынан берілген табиғи ресурстарын дәрі-дәрмексіз емдеу әдісіне баса назар аударуға мүмкіндік бермейді.

Пациенттердің кешенді терапиясына енгізілген гипербариялық оксигенация әдісі (ГБО), аса тиімді әрі негізгі әдіс болып табылады.

ГБО тиімді патогенетикалық шартталған дәрі-дәрмексіз емдеу түрі болатын жағдайлар:

Жүрек:жіті коронарлық синдром және миокард инфаркты, ЖИА-ның аритмиялық нұсқасы, стенокардия, аритмия, экстрасистолия, жүрек жеткіліксіздігі, инфарктен кейінгі жағдайлардың декомпенсациясы, жүрек гликозидтерінен интоксикация, өкпе-жүрек жеткіліксіздігі.

Тамырлар:операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде тамырлардың тарылу аурулары, тромбоэмболияны хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін ерте қалпына келу кезеңі, қан айналымының бұзылысы нәтижесіндегі трофикалық ойық жаралар, васкулиттер.

Өкпе:іріңді-деструктивті (операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде), созылмалы спецификалық емес аурулар (өкпелік жүректің айқындалған белгілері бар).

АІЖ: асқазан мен аш ішектің ойық жара аурулары, ойық жарадан қан кетуден кейінгі постгеморрагиялық синдром, динамикалық тарылу, аш ішек пен тоқ ішектің асқынған аурулары.

Бауыр және ұйқы безі: жіті және созылмалы гепатит, цирроз, бауыр жеткіліксіздігі, жіті панкреатиттің барлық түрі, соның ішінде операциядан кейінгі кезеңдегі.

Жүйке жүйесі: ишемиялық инсульт, БМЖ (жіті және кеш қалпына келу кезеңі),жұлын жарақаты, нейроинфекциядан, энцефалопатиядан кейінгі жағдай, перифериялық нервтердің кесілуі, дорсопатия, демиелинизиялық аурулар.

Эндокриндік жүйе: қант диабеті және оның асқынуы, диффузды-уытты зоб.

Акушерлік: құрсақішілік гипоксия және ұрықтың гипотрофиясы, түсіктің болу қаупі, ілеспелі патология кезіндегі жүктілік, иммуноконфликті, эндокринді жүйе патологиясы, бедеулік.

Жаңа туған нәрестелердің патологиясы: босанғандағы асфиксия, қан айналымының бұзылысы, гемолиялық ауру, ойық жара-некротикалық энтероколит.

Гинекология: кіші жамбас ағзаларының созылмалы асқынған аурулары.

Травматология: баяу шоғырланған сынықтар, остеомиелиттер, остеопороздар.

Жарақаттар: инфекцияның алдын алу, бос ұсақталған, жамбастың тесілуі, күйіктер, үсу, позициялық қысылу синдромы, операциядан кейінгі.

Тері және тері шелі инфекциялары, дерматиттер, псориаз.

Көз:Көздің ішкі тор қабығы қан айналымының бұзылысы, диабеттік ретинопатия, метил спиртімен уланған кездегі көру нервсінің дистрофиясы.

ЛОР-ағзалары: аяқ асты болған кереңдік, сенсорлық кереңдік.

Бет-жақ сүйек патологиясы: пародонтоз, некротикалық гингивит және стоматит.

Қалпына келтіру және пластикалық хирургия: сегменттердің бөлшектенген реплантациясы, құнарлы аяқшаға кесінділерді қондыру, пластикалық және косметикалық операциялардан кейін жазылуды жақсарту.

Онкология және радиациялық медицина: химио- және сәулелік терапия алатын пациенттер; радиациялық остеонекроз, миелит, энтерит.

Психиатрия және наркология: патогенезде гипоксияның жетекші рөлі бар психикалық бұзылыстар (церебральды атеросклероз, ЖИА және миокард инфаркты, мидың жарақаттық, уытты және дегенеративті-атрофиялық зақымдануы), созылмалы немесе жіті интоксикация салдарынан болған психикалық бұзылыстар (созылмалы алкоголизм, алкогольді психоздар, барбитураттармен улану), эндогенды психоздар, шизофренияның жекелеген түрлері, жүйкенің жұқаруы, астеник бұзылыстары, аффектілік бұзылыстардың үлкен тобы, депрессиялық бұзылыстар қатары, жады мен естің нашарлауымен психоорганикалық синдром, абстинентті синдром, наркотәуелділік.

Айқындалған геморрагиялық анемия.

Реанимациядан кейінгі ауру. хирургиялық операцияларға дайындалу және одан кейін ГБО қолдану ұсынылады: пациент наркоздан жылдам және ауырсынусыз шығады, жазылу мерзімі айтарлықтай қысқарады, асқынулар қаупін төмендету.Спорттық медицинада – жаттығу деңгейін жоғарылату және жүктемеден кейін қалыпқа келуді жылдамдату. Дені сау адамдарда ГБО бейімделу мүмкіндіктерін айтарлықтай жоғарылатады. Барокамерадағы сеанстар шаршағанды басады, ауыр жұмыстан кейін күшті қалпына келтіреді, бұлшықет тонусын арттырады, күйзеліске қарсы, жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеті бар, ерлерде жыныстық қызметті жақсартады, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін төмендетеді. ГБО курсынан өткендер жұмыс қабілеттілігінің артуын және психоэмоционалдық жағдайдың тұрақтанғандығын байқайды.

Барокамерадағы сеанстар:Шаршағандықты басады, ауыр жұмыстан кейін күшті қалпына келтіреді, бұлшықет тонусын арттырады, күйзеліске қарсы, жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеті бар, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін төмендетеді.

Мекенжайымыз: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, Алматы қ., Панфилов к., 139, Жамбыл к-ң қиылысы.

Тел.: 261 04 50

ҚР еңбек сіңірген, жоғары санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты – Мулюков Ахат Аминович 8701 340 80

бірінші санатты дәрігер – Даниярова Меруерт Торехановна 8702 777 23 55

жоғары санатты мейірбике – Кабазова Гулзинаш Гизатовна

жоғары санатты мейірбике Кудабаева Сауле Ракишевна

Әрбір құтқарылған өмір үшін қуанамыз!!!