Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған акция

 

2019 жылғы 12-14 қарашада «ОКА» АҚ емханасында ҚР Диабет қауысдастығымен бірлесе отырып,  дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған акция ұйымдастырылды.

Акция барысында 96 адам эндокринологтың консультациясын алды. Сондай-ақ пациенттер скринингтен өтті, оған аяқтың ультрадыбыстық допплерографиясы, электрокардиограмма, қандағы гемоглобинді, холестерин мен глюкозаны анықтау, кардиологтың, офтальмологтың, невропатологтың және тамырлы хирургтардың консультациясын алу кіреді, сондай-ақ олар тамырдың жасын анықтау бойынша диагностикадан өтті.

Бұл акция «ОКА» АҚ емханасы базасында жыл сайын өткізіледі, ҚР Диабет қауысдастығы серіктес болады.