JCI аккредитациясын алу туралы хабарландыру Баспасөз

Алматы қаласындағы

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» РМК-де JCI аккредиттеуін алу туралы

баспасөз-анонс

2016 жылғы 24 ақпанда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының Орталық клиникалық ауруханасында JCI аккредиттеуін алу туралы баспасөз-конференциясы болады.

Бұл аккредиттеу ОКА емделушілер қауіпсіздігінің халықаралық қағидаларын басшылыққа алатынын білдіреді және медициналық мекеменің халықаралық стандарттар бойынша жоғары қызмет көрсету сапасын растайды.

Мұндай аккредиттеуді тек қана халықаралық медициналық және әкімшілік стандарттар деңгейіне сәйкес келетін және ұйымға өз еркімен сертификат алу бойынша өтінім берген ауруханалар ғана алады.

Сондай-ақ ОКА ISO 9001:2009 сапа сертификатына, ұлттық аккредиттеу және зертхана сапасы сертификаттарынаие, сондай-ақ емдеу-алдын алу қызметінің үздік нәтижесінің кепілі болып табылады.

Клиникада жоғары санатты дәрігерлер жұмыс істейді, медициналық мекеменің өзі заманауи техникамен жабдықталған.

Іс-шараға «ҚР ПІБ МО ОКА» РМК бас дәрігерінің міндетін атқарушы – Д.Б. Аманғалиев және Корея Денсаулық сақтау Индустриясын дамыту институты өкілдігінің директоры (Korea Health Industry Development Institute) – Чой Чжун Хи қатысады.

2016 жылғы 23 ақпан 19:00-ге дейін аккредиттелуді өтінеміз. Мәліметтерді sovminka@ckb.kz мекенжайына жіберіңіздер.

Өткізу орны: Алматы қ., Панфилов к, 139

Тел. +7 (727) 261 39 73; +7 778 217 09 38