2019 жылғы 8 қазанда ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы СОВМИН-де Оңтүстік Корея

 

2019 жылғы 8 қазанда ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы СОВМИН-де Оңтүстік Корея, Пучон қаласы Католик университеті жанындағы Әулие Мария госпиталі дәрігер-мамандарының дәрісі өтті. Делегация құрамында гинекология, кардиология, радиология және хирургия мамандарынан 5 дәрігер болды. Келу мақсаты Кореядағы диагностика және емдеу тәсілімен таныстыру, медицина қызметкерлерімен кездесу, денсаулық сақтауда тәжірибе алмасу.