2019 жылғы 11-12 маусымда Киевте Астана Конвеншн Бюросының қолдауымен Медициналық туризмді дамыту жобасы шеңберінде медициналық және сауықтыру туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті.

 

2019 жылғы 11-12 маусымда Киевте Астана Конвеншн Бюросының қолдауымен Медициналық туризмді дамыту жобасы шеңберінде медициналық және сауықтыру туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті.

2019 жылғы 11-12 маусымда Киевте Астана Конвеншн Бюросының қолдауымен Медициналық туризмді дамыту жобасы шеңберінде медициналық және сауықтыру туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті, оған Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы және отандық жетекші медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты. ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы Совминка РДДО стендіне жарнамалық материалдарды орналастыра отырып, өз мүмкіндіктерін мәлімдеді.

Сондай-ақ бұл іс-шараға Қазақстаннан және Украинадан басқа 10-нан аса: Австрия, Венгрия, Грузия, Үндістан, Латвия, Литва, Польша, Словакия, Түркия, Финляндия және Чехия елдің өкілдері қатысты.

Көрмеге қатысу ҚР клиникалары мен санаторийлеріне шетелдік медициналық туристерді тартуға, отандық медициналық ұйымдарды шетелде дамытуға бағытталған.

Көрмеге қатысушылармен келіссөздер жүргізу барысында өзара тиімді ынтымақтастықды дамыту және нығайту бойынша келісімдер белгіленді. Алдағы уақытта тәжірибе алмасу үшін дәрігер-мамандарды тарту, шеберлік-класстары мен консультациялар жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өткізілген көрме шеңберінде халықаралық мамандардың қатысуымен медициналық туризмді жаһандық дамыту тақырыбында конференция өтті, онда саланың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.