Қант диабеті кезінде спортпен айналысуға бола ма? Бұл сұраққа «Орталық клиникалық аурухана» АҚ Совмин 1-терапия бөлімшесінің дәрігер-эндокринологі жауап берді

Қант диабеті кезінде спортпен айналысуға болады және айналысу керек! Қалыпты физикалық жүктеме қанттың төмендеуіне және барлық ағзаның жалпы саулығының жақсаруына ықпал етеді.

Физикалық жүктемелер:

 алмасу үдерістерін белсендіреді;
 майды жағуға ықпал етеді;
 қандағы қанттың деңгейін төмендетеді;
 буындардың жағдайын жақсартады;
 ақуыздың алмасуын белсендендіреді;
 психологиялық жай-күйді жақсартады;

👉 бүгінгі 60 минут денені шынықтыру еңтеңгі денсаулық кепілі;
👉 депрессия , артық салмақ және диабеттік асқынулар Сізге қауіп төндірмейді.

ДИАБЕТ Т1
Инсулин терапиясы кезінде жүйелі түрдегі физикалық белсенділік маңызды. ГИПО-ны болдырмау үшін спорт түрін таңдауға және физикалық белсенділіктің ұзақтығына аса мән берген жөн. Қалыпты және қарқынды жүктеме кезінде біздің бұлшықетіміз глюкозаны тыныш тұрғандағы жағдайдан 15-20 есе жақсы сіңіреді.

ДИАБЕТ Т2
Физикалық жүктеме, дәрі ішу және диета сақтау сияқты міндетті.

📌Зерттеулер күн сайын 30 минут жылдам жүру жасушаның инсулинге төзімділігін төмендететінін көрсетті.