Құрметті достар бізді құттықтап қойсаңыздар болады!

2019 жылғы 4 шілдеде  Teens and People журналының нұсқасы бойынша біздің атақты СОВМИНКАМЫЗ ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы ЖЫЛ АУРУХАНАСЫ АТАНДЫ! Дауыс беруге бұл басылымның оқырмандары, біздің пациенттеріміз қатысты.

СОВМИНКАНЫҢ және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы бүкіл жүйесінің 90 жылдығы мерейтойы қарсаңында осындай құттықтау алу тамаша!

Көптеген жылдар бойы біз әрбір пациентке барлық күш-жігерімізді, бүкіл жанымызды, білімімізді және тәжірибемізді аянбай беріп келеміз. Біз әрбір ауруханаға келушіге медициналық көмек көрсетуге дайынбыз.

Сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет!

Мекенжайымыз: Алматы қ., Панфилов к., 139, Шевченко көшесінің қиылысы. Тел.: +7 (727) 261 04 50.