Интервенциялық кардиология бөлімшесі

кардиология

Маханов Данияр Үндемесұлы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер

Интервенциялық кардиология бөлімшесі

Интервенциялық кардиология басқаларға қарағанда тек тиімділігімен ғана емес, сондай-ақ аз жарақаттайтындығымен ерекшеленетін, қазіргі заманғы кардиология, кардиохирургия және рентгенология негіздерін түйістірген, медицинаның мүлдем жаңа саласы болып табылады. Интервенциялық кардиология мүмкіндіктерінің диагностикалық мәні сондайлықты оның әдістері өмірлік маңызды ағзалар қанағымының жағдайын тексерудің «алтын стандарты» болады.

Бір орынды палатаның құны 15 600 теңге, екі орынды палата12 600 теңге, үш орынды палата 11 400 теңгені құрайды.

Интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі  –

Маханов Данияр Үндемесұлы.

Жоғары санатты кардиолог. 16 жыл дәрігерлік жұмыс тәжірибесі бар, 1999 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін бітірді.

«Ауырмайтын тамырлар – ұзақ өмір сүрудің кепілі»

«Біздің аз жарақаттайтын операцияларымыз – Сіздердің тез жазылуыңыз»

Сіздер үшін:

жоспарлы және шұғыл жүрек-қантамырлық көмек;

коронарлық патология, аритмология, эндоваскулярлық хирургия,тамыр хирургиясындағы шұғыл араласулардың үлкен бейіні.

әлем клиникаларымен серіктестік келісімдер арқасында шетелдік мамандардан консультация алудың мүмкіндігі мен қолжетімділігі;

бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдік клиникаларда маманданудан өтті (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей);

операция кезінде әлемдік өндірушілердің бір реттік қолданылатын шығыс материалдарын пайдалану;

стационарға ақылы негізде және портал бойынша емдеуге жатқызу (Қазақстан халқына тегін кепілдендірілген медициналық көмек);

әлемдік стандарттарға сәйкес барлық медициналық жабдықтардың тұрақты және уақытылы жаңартылуы.

  1. Селективті коронароангиография;
  2. Коронарных артерияларды стенттеу;
  3. Вентрикулография;
  4. Шунтография;
  5. Аортография;
  6. Жүрек қуысын катетеризациялау;
  7. 1 камералы электрокардиостимуляторды имплантациялау;
  8. 2 камералы электрокардиостимуляторды имплантациялау;
  9. 3 камералы электрокардиостимуляторды имплантациялау (ресинхронизациялаушы);
  10. Кардиовертер-дефибрилляторларды имплантациялау (КДИ);
  11. Уақытша кардиостимуляторды орнату;
  12. Бүйрек ангиографиясы және оны стенттеу (вазоренальді гипертензия);
  13. Ангиография, баллонды ангиопластика, аяқ тамырларын стенттеу;
  14. Стенттеуі бар мойын тамырларының ангиографиясы;
  15. Мезантерикопортоцилиакография (портальді гипертензия);
  16. Бүйрек артерияларының денервациясы (дәрі-дәрмекті терапияға рефракторлы созылмалы гипертензия);
  17. Жатыр артерияларының эмболизациясы;
  18. Ұзақ уақыт пайдаланылатын венозы катетерлерді орнату (гемодиализ, химиотерапия, ұзақ мерзімді бактерияға қарсы терапия, парентеральді тамақтану);

19.Кеуде және қолқаның іш бөлігін эндоваскулярлық емдеу (стент-графт орнату).

Бөлімше қызметкерлері:

Маханов Данияр Үндемесұлы– жоғары санатты дәрігер-кардиолог, бөлімше меңгерушісі;

Ержанов Самат Төлеуханұлы – ангиохирург, бірінші санатты дәрігер;

Майдыров Ердан Салауатұлы – екінші санатты дәрігер-кардиолог;

Толемісов Ануар Жапарұлы – екінші санатты дәрігер-рентгенхирург;