Гинекология бөлімшесі

Гинекология

Алиева Шолпан Уркендовна – гинекология бөлімшесінің меңгерушісі. Жоғары санатты дәрігер.

Гинекология

Біздің бөлімшеде гинекологиялық ауруларға, жүктіліктің асқынуына диагностика және ем жүргізіледі.  Бір орындық палатаның құны 15 600 теңге, екі орындық палата12 600, үш орындық палата 11 400 теңгені құрайды.

Алиева Шолпан Уркендовна – гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-акушер-гинеколог, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ № 1 акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті.  Отандық және шетелдік медициналық журналдардағы 2 ғылыми мақаланың акторы.

«Әйелдердің күрделі мәселелеріне арналған кәсіби, қарапайым шешімдер»

Сіздер үшін:                                

1) аз жарақаттайтын операциялар,

2) жоғары мамандандырылған сапалы медициналық көмек және қайырымды, ақ пейілді қызметкерлер,  алдыңғы қатарлы, жаңа технологиялар.

Қызмет көрсету спектрі:

–  жүкті әйелдерді емдеу (жүктіліктің 22 аптаға дейін жетпеуін, жүктіліктің бірінші жартысындағы жерікті емдеу);

– кіші жамбас органдарының қабыну үдерісін емдеу.

Гинекология бөлімшесі халыққа гинекологиялық ауруларды емдеудің дәстүрлі мүмкіндікті (қынап немесе лапаротомия жолымен), сондай-ақ  лапароскопиялық операцияларды ұсынады:

– гистерэктомия;

– әйелдердің жыныс органдарының даму кемістігі кезіндегі  корригирлеуші операциялар;

– өскіндерге операциялар ( кистэктомия, туботомия, тубэктомия, аналық без резекциясы);

– органды сақтай отырып, жатыр миомасын емдеу – миомэктомия;

–  жатыр мойны бөлшегін экстирпациялау;

– күштену, жыныс органдарының түсуі, түсіп кетуі кезіндегі несептің тоқтамауын хирургиялық түзету;

– әр түрлі орналасудағы эндометриоз кезіндегі операциялардың барлық түрлері;

–  диагностикалық және емдеу мақсатындағы гистероскопиялық араласушылық(субмукозды  миоматозды түйіндерді алып тастау, жатырішілік қалқалар резекциясы, синехияларды бұзу, оның гиперплазиясы кезіндегі эндометрия аблациясы,  бөтен заттарды және эндометрия полиптерін алып тастау).

Бөлімше меңгерушісі:

Алиева Шолпан Уркендовна – гинекология бөлімшесінің меңгерушісі. Жоғары санатты дәрігер.

Бөлімше қызметкерлері:

Ибраев-Рысбеков Асқар Ғалымжанұлы  – бірінші санатты дәрігер акушер-гинеколог.  Гериева Марина Мухадиновна – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог.