Кардиология орталығы

Кардиология

Кәрібаев Қайрат Рахманияұлы
орталық жетекшісі
врач-кардиолог высшей категории
жоғары санатты дәрігер-кардиолог доцент
м.ғ.к.

 Кардиология

2011-2015 жылдары аурухананың стратегиялық даму және жаңғырту бағдарламасына сәйкес және бекітіп берілген контингентке және халыққа көрсетілетін кардиологиялық-тамырлық жоғары мамандандырылған көмектің көлемі мен құрылымын кеңейту мақсатында ауруханада 2011 жылы кардиология орталығы құрылды.  Бір орынды палатаның құны 15 600 теңгені, екі орынды палата 12 600, үш орындық палата 11 400 теңгені құрайды. 

Кәрібаев Қайрат Рахманияұлы – орталықтың басшысы,
СММУ құрметті профессоры, доцент, м.ғ.к., ҚР Денсаулық сақтау үздігі, жоғары санатты дәрігер-кардиолог, «ҚР Алтын дәрігер»

«Сіздің жүрегіңізге нақты ықпал ету»                                              

Орталық клиникалық аурухана тәжірибесінде Кардиологтардың Еуропалық және Америкалық қоғамдастығының соңғы ұсынымдарына негізделген науқастарды диагностикалау мен емдеудің тек қазіргі заманғы әдістері қолданылады.  Заманауи дәлелді базасы жоқ препараттар қолданылмайды. Кардиологиялық орталық дәрігерлері ТМД және алыс шетелдің ең жақсы клиникаларында оқудан өтеді.  Жетекші мамандар ҚР Сараптама кеңесі бекітетін жүрек-қан тамырлары ауруларының клиникалық хаттамаларын әзірлеуге қатысады.   Тұрақты негізде кардиологиялық бейіндегі науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа және тиімді әдістерін енгізу бойынша аурухана қызметкерлерімен дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.

Кардиологиялық орталықта Сіз жүрек-қан тамыр патологиясына байланысты емдеу- диагностикалық  процедуралардың барлық түрлерін ала аласыз.

Бөлімшеде тұрмыстық техника, санитарлық торап және душ кабинасымен жабдықталған жайлы бір орындық, екі орындық және үш орындық палаталар бар.

Орталықтың басшысы:

Кәрібаев Қайрат Рахманияұлы – СММУ құрметті профессоры, доцент, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-кардиолог.