II соматика бөлімшесі

Спатаева Гүлшахар Дайырбекқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер-терапевт

2-соматика бөлімшесі 2005 жылдан бастап 16 төсекке қызмет көрсетеді. Бөлімше Алматы, Астана қалалары, Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің VIP-клиенттеріне, сақтандыру, шарттық негіздегі және басқа да емделушілерге медициналық-диагностикалық және емдік қызмет көрсетуге бағытталған. Бөлімшенің беделі 15-тен 30-жылға дейінгі жұмыс өтілі бар дәрігерлердің диагностикалық және емдік қызметтерді көрсетудің жоғары кәсіпқойлығы мен жұмыс өтілі 20 жылдан асатын жоғары санатты мейірбикелердің жоғары біліктілігі негізінде қолдау табуда.

Бөлімшеде әртүрлі бағытта медициналық көмек көрсетіледі: кардиологиялық, ревматологиялық, пульмонологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, неврологиялық, вертебрологиялық, отоларингологиялық, аллергологиялық. Бөлімшенің бір ғана атауы – соматика осы барлық аурулардың дәрігерлердің жоғары біліктілігін, емдеудің баламалы әдістерін шешу үшін қажет болып табылатын тиісті консультациялар үшін жоғары халықаралық дәрежедегі қажетті мамандарды уақтылы тартуды қажет ететін мағынаны құрайды. Қажет болған жағдайда бөлімше дәрігерлері ұқсас жабдықтары бар халықаралық клиникалармен телебейнеконсультациялар қолданады.

Диагностикалық зерттеулер:

  • зертханалық (жалпы клиникалық, биохимиялық, иммуноферментті, онкомаркерлер, паразиттік инфекциялар, аллерго-диагностика, иммунология, ПЦТ-диагностика, цитологиялық және гистологиялық);
  • жұмсақ тіндер, тамырлар эластографиясы бар құрал-саймандық УДЗ, эндоскопиялық-ФГДС, фиброларингоскопия, бронхоскопия, фиброколоноскопия, ректороманоскопия, МРТ және КТ диагностика (жүрек және қантамырлар зерттеуін қосқанда) ангио және коронарография, функциялық диагностика-ЭКГ, жүрек УДЗ-сы, велоэргометрия, Тредмил-тесті, артериялық қысымды, пуьсті тәуліктік мониторингілеу, электокардиограммалар. Ұйқы кезінде денсаулығыңыздың жағдайын бағалау үшін ұйқы зертханасы қызмет көрсетеді;
  • аллергодиагностика, дәрі-дәрмек аллергиясы және арнайы терапия таңдауымен аллергендердің толық спектрі бар ең заманауи еуропалық жабдықта бак-диагностика.

Емдеу әдістемелері: дәрі-дәрмек терапиясы, физиоемшаралар, емдік дене шынықтырау, барокамера, галокамера, қан плазмферезі, аллергияны емдеу, құрғақ омыртқа жотасын созу, инемен емдеу терапиясы, мануалдық терапия, психотерапия, косметологиялық емдеу. Бөлімше дизайны жақсы көңіл-күй мен ойдағыдай ем қабылдауға әсер етеді. Бөлімшенің айырықша бір ерекшелігі жоғары классты медициналық қызмет пен қалпына келтіруші ем мен тынығудың жаңа құралдардың органикалық үйлесімділігі болып табылады; бұл жерде өзіңізді үйдегідей сезініп, емделушінің қалауымен және белгіленген диеталарды ескере отырып, түрлі тағамдар беріледі. Жайлы орналасып, емделуге арналған жеке санитарлық торабы бар, ауа баптағыш және кабельді теледидармен жарақтандырылған бір және екі бөлмелі VIP-палаталар бар. Емделушілерге жеке-жеке қызмет көрсетіліп, қаралуға және емшараларға барғанда оларды мейірбикелер алып журедi. Бөлімшенің айқын сипаты түрлі жас ерекшелік патологиясын емдеудегі – тиімді геронтологиялық әдістемелер енгізілуде инновациялық тәсіл болып табылады. Тереңдетілген диагностика мен остеопорозды емдеу.

Гастроэнтерология бағытындағы емделушілерге төмендегідей емшаралар жүргізіледі:

  • тюбаж (соқыр зонттау), соның ішінде жапония технологиясы бойынша;
  • жеңіл тамақ берілетін күндері мен дене салмағы индексін бақылауы бар диетотерапия.
  • Спатаева Гүлшахар Дайырбекқызы – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-терапевт

Бөлімше қызметкерлері:

Ли М.Б. – бірінші санатты дәрігер-терапевт

Н.А. Федькина – жоғары санатты дәрігер-терапевт.