I терапия бөлімшесі

Казарина Людмила Николаевна
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер-терапевт
м.ғ.к.

Бірінші терапиялық бөлім өзінің тарихын 1933 жылдан бастайды. Алғашқы меңгерушілері – бұрын Кремль емхансында жұмыс істеген дәрігерлер Барлыбаев Х.А., Зотов С.И. 80-жылдық тарихы бар емдеу бөлімі медициналық білімнің құндылықтары мен емдеу үрдісінің дағдыларын, науқас адаммен тілдесудің этикалық ұстанымдарын ұқыпты сақтай отырып, өз ісінде диагностика мен адамды емдеудің бұрыннан белгілі әдістерімен қатар заманауи амалдарын да тиімді қолданып келеді. Емдеу барысында дәрігерлер адам ағзасының жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, эндокринді жүйелері сияқты күрделі ауруларды заманауи лабораториялық және аспаптық әдістерді қолдану арқылы емдейді. Көпасалалы бірінші терапиялық бөлім емдеу корпусының бірінші қабатында орналасқан, 1-3 адамға арналған барлық тұрмыстық техникамен жабдықталған 12 жайлы бөлмесі бар. Әр бөлмеде душ кабинасы мен әжетхана бар. Медициналық бикелер мен қызмет көрсетуші кіші қызметкерлер – емдеу саласында жоғары қызмет көрсете білетін жоғары деңгейлі кәсіби мамандар. Бөлім аптасына 7 күн және үзіліссіз, демалыссыз қызмет көрсетеді. Дәрігерлер әр науқас сырқатының өту барысының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оны заманауи, сыннан өткен дәрі-дәрмектермен және физиотерапевтік әдістермен емдейді.

Бөлімше меңгерушісі:

Казарина Людмила Николаевна – м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-терапевт

Бөлімше қызметкерлері:

Тяпкова С.Е. – дәрігер-терапевт

Султанкулова Л.К. – дәрігер-эндокринолог