I соматика бөлімшесі

I соматика бөлімшесінің меңгерушісі Редько Людмила Александровна — жоғары санатты дәрігер. 

Сіз өз еңбегіңіздің және жайлы демалыстың бағасын білетін табысты адамсыз ба?

Сіз өз ақшаңызға денсаулығыңызды сақтап, жайлы және сапалы қызмет алғыңыз келе ме?

Егер Сіз денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе немесе бірнеше жыл бойы созылмалы аурулар салдарынан қиналып жүрсеңізбіз сізге кез келген жағдайда көмектесеміз.

90 жыл бойы СОВМИНКА дәрігерлері табысты емдеу тәжірибесін жүргізіп келеді.

Бүгінгі күні СовМинка Алматы қаласындағы JCI медициналық қызмет көрсетудің және пациенттер кауіпсіздігінің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жалғыз аурухана болып табылады.

Әдемілікті, медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін, жекелей емдеу тәсілін, қамқорлықты, демалыс паркі мен су бұрқақтарын– СОВМИНКАНЫҢ Соматика бөлімшесі ұсынады.

Алматы қаласының ортасында ыңғайлы жерде орналасқан.

Ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Пациенттер бес жұлдызды қонақүй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады.

Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.

Біздің бөлімшеде түрлі соматикалық аурулары бар пациенттерді Check-up қарап тексеру мен емдеу (кеңейтілген және қысқа бағдарлама бойынша) жүргізіледі, мысалы:

және басқа да жанамалас патологиясы бар аурулар.

Сіздерде Еуропалық профессорлардың телеконсультация алу мүмкіндігі болады.

«Ауруларыңызды жылдам емдетіңіздер, кейінге қалдырмаңыз, созбаңыз, асқындырмаңыз». 

I соматика бөлімшесінің меңгерушісі:

Редько Людмила Александровна — жоғары санатты дәрігер.