I кардиология бөлімшесі

Құсымжанова Жанар Мырзакенқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер-кардиолог м.ғ.к.

Бөлімше дәрігерлері стационарлық науқастарға кардиологиялық көмектің емдік-диагностикалық стандарттарын әзірледі, емхана дәрігерлерімен жұмыс істеу алға қойылып, «кардиолог мектебі» қызметі белсендендірілді. Бөлімше тәжірибесіне дәрілік препараттардың жаңа түрлері үнемі енгізілуде, кардиологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері қолданылуда.

Уақтылы және дәл диагноз қою үшін (тек негізгі ғана емес, ілеспелі диагнозды да) бөлімше дәрігерлері ең заманауи және сапалы деңгейде зерттеудің кең спектрін қолданады:

  • інді доплер-эхокардиография;
  • артериялық қысымды тәуліктік (холтерлік) мониторлау және электрокардиография;
  • велоэргометрия;
  • стресс-эхокардиография;
  • жүректің мультиспиральді компьютерлік томографиясы және коронарлық тамырлардың ангиографиясы;
  • барлық ірі тамырлардың ультрадыбыстық доплерографиясы;
  • зерттеудің зертханалық әдістері (холестерин және оның фракциясы, Апо-В липопротеид, жүрекшелік милық натрийуретрикалық пептид, гомоцистеин, ангиотензин, эндотелин).

Бөлімшеде кардиологиялық патологияны емдеу үшін айтарлықтай жайлы жағдай бар. Соңғы жылдары миокард патологиясы маркерлерін анықтай отырып, инфаркт миокарды мен жүрек кемісітігін уақытынан бұрын диагностикалаудың инновациялық әдістемелері енгізілді.

Бөлімшеде төмендегідей кардиологиялық ауруларға ем жүргізіледі:

  • әртүрлі түрдегі ИЖА (жіті және созылмалы);
  • миокардит;
  • миокардиодистрофия;
  • кардиомиопатия;
  • артериялық гипертония;
  • нейроциркуляторлы дистония;
  • созылмалы жүрек кемістігі.

Құсымжанова Жанар Мырзакенқызы – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-кардиолог, м.ғ.к.

Бөлімше қызметкерлері:

Л.В. Иванова – жоғары санатты дәрігер

Т.С. Архипова – дәрігер-кардиолог

С.Ж. Шәтекова – дәрігер-кардиолог