Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бөлімшесі

Қаймулдина Жанар Боранбайқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бөлімшесі

Медициналық жедел жәрдем Ұлттық ғылыми-тәжірибелік қоғамының деректері бойынша тактикалық қателіктер соңғы жылдары науқастар мен зардап шегушілерге жедел жәрдем көрсетуде барлық анықталған кемшіліктердің 14-30% жағдайында кездесті, бірқатар жағдайларда науқастар өліміне емдеуге жатқызғанға дейінгі кезең  себеп болды.  Тактикалық қателіктердің кейбір түрлерінің жиілігі (мысалы, емдеуге жатқызу тәртібінің бұзылуы) 40%-ға дейін жетеді. Тактикадағы жиі жол берілетін кемшіліктердің себебі медицина қызметкерлерінің тәртіпсіздігі, кәсіби деңгейінің төмендігі ғана емес, сондай-ақ жеке сапаға байланысты басқа де себептер және  МЖЖ станциясы жұмысындағы ұйымдастыру кемшіліктері болып табылады

СовМин ауруханасының жедел медициналық көмек көрсетуі тактикалық қателіктерді болдырмайды, JCI әлемдік сапа стандарттарына, бұл сапаның «алтын стандарты» болып табылатын денсаулық сақтау саласындағы аса объективті және беделді сертификаттауға сәйкес өз пациенттеріміздің қауіпсіздігіне кепілдік береді және медициналық және әкімшілік стандарттарға халықаралық деңгейде, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға қабылданған медициналық ұйымның сәйкестігін растау болып табылады.

Алматы қаласының орталығында орналасуы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бөлімше жазатайым жағдайларда және үйде, көшеде, жұмыс уақытында, түнгі уақытта, жаппай улану кезінде және басқа жағдайларда туындаған  кенеттен болған ауыр аурулар кезінде ересек адамдарға жедел медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылған.

Бөлімше:

  • шұғыл түрде, тәулік бойғы режимде.
  • науқаспен әлеуметтік ілесіп жүру және кез-келген тасымалдау (үйден және/немесе стационардан басқа мекемеге, т/ж вокзалы, әуежай, тұратын және емделетін орынға).
  • пациентпен Қазақстан аумағында медициналық бірге жүру.
  • Емшара қызметтері (ЭКГ, глюкометрия, барлық инъекция түрлері)

Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

Бұл туралы:

  • RIQAS (Британия) – САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ халықаралық ірі жүйесі. Оны 133 елде 45 000 зертхана-қатысушылары пайдаланады.
  • Сапаны сыртқы бақылау мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы –

EQAS (АҚШ)

  • СТ РК ISO 15189-2015 медициналық зертханалардың біліктілік сапасы талаптарына сәйкестік

Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.)

Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

«Ұзақ әрі бақытты өмір сүріңіз!»

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі:

Каймулдина Жанар Боранбаевна

Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтын 1993 жылы бітірген.

Жұмыс өтілі 27 жыл.

Меңгерушілік жұмыс өтілі 11 жыл.

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетудің біліктілігі жоғары санатты дәрігер-терапевт.Жанар Боранбаевна ҚР ғылыми-медициналық журналдарында 8 ғылыми мақала жариялады, И.И.Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты базасында жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек мәселесі бойынша халықаралық форумның қатысушысы.
Новокузнецк,  Санкт-Петербург қалаларындағы (Ресей) клиникаларда тағылымдамадан өткен.

Адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Тәулік бойғы шұғыл медициналық жедел жәрдем:   

261-12-79,  261-12-80,  261-12-89