Дәрігерлер кешені бірлестігі

Қасенова Зәуреш Амангелдіқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер.

Дәрігерлер кешені бірлестігі (ДКБ) емханада 1998 жылдан бері жұмыс істейді. ДКБ 3 дәрігерлік кешеннен, бейінді мамандар бригадасынан және үйдегі стационардан тұрады.

Дәрігерлер кешені бірлестігі тіркелген контингентке, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді, медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Дәрігерлер кешені емдік-профилактикалық жұмыспен айналысады, кешенді профилактикалық медициналық тексеруді, динамикалық диспансерлік бақылауды, диагностика мен емдеуді, сондай-ақ тіркелген контингенттің аурушаңдығын, мүгедектігі мен өлім жағдайын азайтуға бағытталған оңалту іс-шараларын уақытылы жүргізуді ұйымдастырады. Бейінді мамандар бригадасы тіркелген контингентке  консультациялық-диагностикалық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

ДКБ-ның басым бағыттарының бірі үйде қызмет көрсету (үйде стационар ұйымдастыру) болып табылады. Үйдегі стационар пациенттерге  стационардан кейінгі емді, ауруханаға келуге қиындық туғызатын органдар функцияларының бұзылысы кезінде инфаркт пен инсульттен кейінгі ем алуды ұйымдастырады.

СовМин ауруханасының Дәрігерлер кешені бірлестігі JCI әлемдік сапа стандарттарына, бұл сапаның «алтын стандарты» болып табылатын денсаулық сақтау саласындағы аса объективті және беделді сертификаттауға сәйкес өз пациенттеріміздің қауіпсіздігіне кепілдік береміз және медициналық және әкімшілік стандарттарға халықаралық деңгейде, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға қабылданған медициналық ұйымның сәйкестігін растау болып табылады.

Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

Бұл туралы:

  • RIQAS (Британия) – САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ халықаралық ірі жүйесі. Оны 133 елде 45 000 зертхана-қатысушылары пайдаланады.
  • Сапаны сыртқы бақылау мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы –

EQAS (АҚШ)

  • СТ РК ISO 15189-2015 медициналық зертханалардың біліктілік сапасы талаптарына сәйкестік

Дәрігерлер кешенінің жабдықталуы:

— оториноларинголог кабинеті  емшаралар көрсететін жаңа ЛОР-комбайнмен жабдықталған;

— офтальмолог кабинеті көз торының компьютерлік томографымен. диоптрия күшін компьютермен анықтау үшін  авторефрактометрмен, көзішілік қысымды автоматты анықтау үшін  автоматты жанасусыз тонометормен, көз жетер жерді анықтау үшін – автоматты периметрмен жабдықталған:

— гинеколог кабинетінде замануи цифрлық кольпоскоп бар.

ДКБ меңгерушісі –  Касенова Зауреш Амангельдиновна, жоғары санатты дәрігер.