Ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімшесі

Мәрденова Сәуле Мағауияқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер

ҚР ПІБ МО ОКА емханасында 2006 жылдан бастап амбулаториялық көмек алатын және диагностикалық терсерулерден өтетін ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімше функционалдық диагностика, УДЗ-диагностика кабинетімен, сондай-ақ емшара кабинетімен жабдықталған. Бөлімше жанында операциялық және таңу кабинеттермен амбулаториялық хирургия орталығы бар.

Ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімшесінің көрсететін қызметтері тізбесі:

  • Көпшілік халыққа емханада және үйде әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмегі;
  • Папиллома, сүйел, дененің кез-келген жеріне шыққан өскіндерді жергілікті анестезиямен электрокоагулятормен қан шығармай алып тастайтын операциялар;
  • Емдеуге жатқызуды қажет етпейтін (жарықты тігу, сүндетке отырғызу, іріңді жару, етке өсіп кеткен тырнақты алып тастау, варикоцелені алып тастау және т.б.) шағын амбулаториялық операциялар;
  • Функциялық диагностика ішкі органдар ауруларын Philips премиум-класс сандық УДЗ аппаратында (ішкі органдар УДЗ), ЭХО-кардиографияны (жүрек УДЗ), ультрадыбыстық допплерография (УДДГ) қазіргі заманғы жоғары дәлдікпен диагностикалайды;
  • РЕГ, РПА – мидың және мойынның қанайналымын зерттейтін бірегей әдіс;
  • Велоэргометрия;
  • Жапонияда шығарылған «SAKAI» және Ұлыбританияда шығарылған «BTL» аппаратында тірек-қимыл және жүйке жүйесі аурулары кезінде құрғақ скелетті тартып созу;
  • «Андро-Гин» лазерлі-магнитті кешені ( простатит, еркектердің белсіздігі, қуық асты безі аденомасы, цистит) көмегімен еркектердің несеп-жыныстық жүйесі бұзылыстарын емдеу;
  • Айырбастау картасы мен декреттік демалыс бере отырып, жүктілікті есепке алу және қарау;
  • Әйелдер бедеулігінің әртүрлі түрлерін, жатыр миомасын, эндометриозды, урогениталдық инфекцияларды нағыз заманауи диагностика әдістерін, ПТР, AF Genital System, Mykoplasma System plus – культуралды диагностика, ИФТ-диагностикасын қолдан отырып, тексеру және емдеу, жатыр мойнағы эрозиясын емдеу және аргон плазмалы «Фатек» аппаратында биопсия, кольпоскопия, мертосальпингография;
  • Балалар мен ересектердегі тіл мүкісін емдеу және түзетудің бірегей әдістері;
  • Холтер – АҚ, ЭКГ, глюкоза деңгейін мониторлау;
  • Ұйқының бұзылуын диагностикалау және емдеу;
  • Сәулелік диагностика (әртүрлі органдар мен жүйелерге КТ және МРТ);
  • Туа біткен және жүре пайда болған жүрек кемістігін қоса алғанда жүрек қантамырлық жүйесі ауруларын инструменталды диагностикалау;

23 мамандықтың тәжірибелі дәрігерлері амбулаториялық қабылдау жүргізеді.

Ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімшесі – әртүрлі мамандықтағы жоғары білікті кәсіби-дәрігерлер ең көп шоғырланған жалғыз, бірегей орталық. Сондай-ақ мұнда стационардың жетекші мамандары консультация жүргізеді.