Физиологиялық терапия бөлімі

Дощанова Райхан Мұхамедрахымқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер-физиотерапевт
м.ғ.к.

Совминканың физиотерапия бөлімшесіне келіңіз.

Совминкадағы физиотерапия бөлімшесінің дәрігерлері қамқорлықпен және мейіріммен денсаулығыңызды сауықтыруға көмектеседі, JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді, JCI – бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.

Диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Оны төмендегілер куәландырады:

  • САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ ең ірі халықаралық жүйесі – RIQAS (Британия). Оны 133 елдегі 45 000 астам зертхана пайдаланады.
  • Сапаны сырттай бақылаудың және бағалаудың халықаралық бағдарламасы – EQAS (АҚШ)
  • Медициналық зертханалар құзыреттілігінің сапа талаптарына сәйкестігі ҚР СТ ISO 15189-2015

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.

 «Біз дәрі-дәрмексіз, дыбыспен, жарық және жылумен емдейміз».

 «Біз тек Сіздер үшін сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін  (демалыс күндерден басқа) жұмыс істейміз».

Еуропаның бірегей жабдықтарында физиоемделуді ұсынамыз:

  • өкше сүйек сүйелін емдеу;
  • гидроколонотерапия;
  • инновациялық әдіспен остеохондрозды емдеу;
  • емдік массаждың барлық түрлері (жоғары санатты мамандар);
  • озық технологиялармен «диабеттік табанды» емдеу.

«Сіздерге аурудың  барлық түрлеріне арналған озық физиотерапия қызметтері ұсынылады».

Бөлімше меңгерушісі:

Дощанова Райхан Мухамедрахимовна – жоғары санатты дәрігер-физиотерапевт, м.ғ.к.

Бөлімше қызметкерлері:

К.С.Асанова –  жоғары санатты дәрігер-физиотерапевт;

Г.А.Нысанбаева –  жоғары санатты дәрігер-физиотерапевт;

Н.А.Одарченко – жоғары санатты дәрігер-физиотерапевт.