Эндоскопия бөлімшесі

Қалижанова Ғалия Уәлиқызы
бөлімше меңгерушісі
эндоскопист жоғары санатты дәрігер ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Гостриоинтестиальді Эндоскопия Еуропалық Қоғамның мүшесі

Эндоскопиялық зерттеу – бұл – тексеру мен емдеудің қазіргі таңдағы жоғарғы ақпараттық және қаралуда, ем кабылдауда аз уакыт алатын әдісі. Тек осы әдіс дәрігердің ағзаның ішін хирургиялық әрекеттің қарауына мүмкіндік береді. Міне, сол себепті эндоскопия – асқазанның, жіңішке және жуан ішектің, кеңірдектің және өзектің, бронхтардың диагнозын анықтаудың және емдеудің неғұрлым сенімді әдісі. Эндоскопиялық зерттеу – адамның өсіп‑дамуына байланысты қауіптілігі арта түсетін ісік алды өзгерістерді, сапасы жаман аурулардың алғашқы белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында сүйелді жаралардың, қабынушылық немесе ісікті өзгерістердіің (биопсия), Helicobacter pyloriu микробтық зарарлануын анықтау мақсатындағы, бірқатар диагностикалық тәсілдер қолдануға болады. Тыныс алу органдарын зерттеу барысында бактериологиялық және (немесе) цитогистологиялық зерттеу үшін қажетті материалдар алынады. Онкотесерулердің белгіленген профилактикалық бағдарламалары бойынша әр, адамға 40 жасқа келген соң он екі қатпарлы ішегін және асқазанын, кеңірдегін, 50 жасқа келгенде жуан ішегін тексерту ұсынылады. Бронхит, семген гастрит, асқазан жарасы, Барретт өзегі, асқазан және жуан ішек полиптері, жаралы колит және Крон ауруы және т.с.с. созылмалы аурулар болғанда, эндоскопиялық зерттеудің жиілігі аурудың асқынбаған жағдайда жылына 1-2 рет зерттеуді құрайды. Бөлімше “Pentax” фирмасының заманауи бейнеэндоскопиялық аппаратурасымен жабдықталған, қазіргі бейнеэндоскоптардың шешушілік мүмкіндіктері ауруларды, әсіресе, енді басталған ісіктерді, оларды оптикалық эндоскоп арқылы байқау тіпті мүмкін емес кезеңде анықтауға жол ашады. Зерттеудің жазбасы дискіге басылады, түсірілімдер фотопринтерден шығарылып отырады. Біздің клиникамызда эндоскопиялық рәсімдер емделушінің көңіл қалауымен седация арқылы жүргізіледі. Седацияның негізгі артықшылықтары: жайлылық, ауыруды сезінудің болмайтындығы, емделушінің (20-30 минут ішінде) жылдам қалпына келуі, зерттеу сапасының артуы (хромоскопия, нысаналы биопсия жүргізудің мүмкіндігі). Қауіпсіздік: рәсімді анестезиологтардың бригадасы (анестезиолог + м/б анестезист) жүргізеді, рәсім барысында Гарвард стандарты бойынша витальды қызметтердің мониторингі, оксигенотерапия жүзеге асырылады.

Біз зерттеудің мынадай түрлерін орындаймыз:

  • Эзофагогастродуоденоскопия
  • Бронхоскопия
  • Колоноскопия
  • Ларингоскопия
Өт бөлу жолдарын эндоскопиялық зерттеу (ретрограттық панкреатохолангиография, папиллосфинкртеротомия), өт жолдарын тастан арылту.
Эндоскопиялық полипэктомия, кілегейлі асқазан‑ішек жүйесінде жаңа түзілімдер пайда болуына байланысты кілегейлі қатпарды аргоноплазменного коагулятордың көмегімен эндоскопиялы резекциялау.
Бөлімше меңгерушісі:

Қалижанова Ғалия Уәлиқызы – эндоскопист, жоғары санатты дәрігер, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Гостриоинтестиальді Эндоскопия Еуропалық Қоғамның мүшесі (ESGE).

Бөлімше қызметкерлері:

А.А.Ибрашева – бірінші санатты эндоскопист.

К.Ю.Абдилмажинов – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты эндоскопист.

Бөлімше консультанты – медицина ғылымдарының докторы, профессор Байжанов Сабихан Шынарбекұлы.