Экстракорпоральді гемокоррекция бөлімшесі

Тілеуов Жолымбет Мақсұтұлы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер
м.ғ.к
ҚР денсаулық сақтау ісiнің үздігі

Экстракорпоральді гемоқалпына келтіру бөлімшесі ҚР ПІБ ОКА-сында 2001 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші болып ұйымдастырылды. Дербес қызмет ретінде эстракорпоральді гемоқалпынакелтіру әлемде 1998 жылдан бастап қолданыла бастады. Гемоқалпынакелтіру бөлімшесін ұйымдастыру үшін аурухананың дәрігерлері ТМД-дағы гемоқалпынакелтіру қызметінің көшбасшысы болып табылатын Санк-Петербургтегі №12 аурухананың жанындағы эстракорпоральді гемоқалпына келтіру орталығында маманданудан өтті.

Бөлімшеде қанның сапалық және сандық құрамын қалпына келтіру мен уытсыздандырудың барлық әдістері:

  • бүйрек қызметінің асқынған және созылмалы жеткіліксіздігі жағдайындағы гемодиализ;
  • зәрайдағыш дәрі-дәрмектердің тиімсіздігі орын алғанда, сұйықтықтың артық мөлшерін қанды арнаулы мембраналар арқылы ультрасүзгіден өткізу жолымен арылту;
  • қанның гравитациялық хирургиясы – плазмаферез, цитаферез, плазмосорбция;
  • қанның кванттық терапиясы – ультракүлгін, лазерлік жарық энергиясымен қанның сапалық құрамына әсер ету;
  • қанның құрамының қалпына келтірудң қышқылдандырушы технологиясы – қанды озондандандыру жүзеге асырылады.
Экстракорпоральді гемоқалпынакелтіру бөлімшесінде емдеу заманауи жабдықтарды және дерт жұқтыруды болдырмайтын бір рет қана қолданылатын материалдарды пайдалану арқылы жүргізіледі

10 жыл ішінде бөлімшенің жұмысында экстракорпоральді гемоқалпынакелтірудің барлық әдістерін пайдалану жөніндегі зор тәжірибе жинақталды, оны біздің клиникамыздың дәрігерлері ауруларды тиімді әрі тез емдеу үшін кеңінен қолданады. Бөлімшеде науқас кісілер үшін жайлы жағдай жасалған. Экстракорпоральді гемоқалпына келтіру бөлімшесінде Қазақстанда тұңғыш рет тепе-теңдік бұзылуының синдромын интрадиализдік айықтырудың профилактикасы енгізілді, бұл бағдарламалық гемадиализ жағдайындағы аурулар өмірінің сапасын жақсартады.

Ультракүлгін аутогемотерапия (УКАГТ) – бұл ультракүлгін диапазонды жарық энергиясының қанның сапалық құрамына емдік әсеріне негізделген экстракорпоральді гемоқалпынакелтіру әдісі.

Емдеудегі тиімділіктері.

  • Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсылығын (имундыққалпынакелтірушілікті) күшейту;
  • Бактерияға қарсы, вирусқа қарсы, сүйелге қарсы әсер;
  • Эритроциттердің оттегі сыйымдылығын арттыру;
  • Жасушаларға оттегі мен қоректік заттар жеткізуді жақсарту;
  • Зақымданған жасушаларды қалпына келтіру үдерісін (регенерацияны) қуаттау;
  • Ағзаның қышқылдық-сілтілік балансын қалпына келтіру;
  • Көмірсутегілерін сыртқа шығаруды жақсарту (қант диабеті жағдайында инсулинрезистенттілікті төмендету).

Жүргізу әдістемесі: Процедура барсында Сіздің 300-500 мл қаныңыз заманауи «Юлия» аппаратттарының және сенімді инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бір рет қолданылатын материалдардың көмегімен екі рет ультракүлгін сәуленің әсеріне ұшырайды.

Заведующий отделением:

Тулеуов Жолымбет Масхутович – кандидат медицинских наук, отличник здравоохранения РК, врач высшей категории

В отделении работает Калтаева Д. М. – врач высшей категории.

Гемокоррекция

Озонотерапия

Экстракорпоральді гемоқалпынакелтіру бөлімшесінде сондай-ақ Қазақстанда тұңғыш рет клиникалық іс-тәжірибеге озонотерапия енгізілді, ол соңғы кезде сауықтыру мен емдеудің әлемдегі ең кең тараған дәрі-дәрмексіз тәсіліне айналуда. Озонотерапия жөніндегі іс-тәжірибе бұл өмір нәрін себетін газдың көмегімен көптеген аурулар емделетінін көрсетуде. Бірқатар жағдайларда тек озон ғана күшті әсер ететін дәрілерді тиімді түрде ауыстыруға қабілетті және ең маңыздысы бұл тұста ешқандай қосымша әсерлер орын алмайды. Оның үстіне озонмен ұштастыра жүргізгенде, емдеудің өзге тәсілдерінің тиімділігі бірнеше есе артады. Микробты жасушалардың, вирустың, сүйелдің ішіне оңай ене отырып, озон озонидтердің мембранаға қышқылдандырушылық әсер ететін, солайша олардың қабықшаларының бүтіндігін бұзатын биологиялық белсенді топтарын түзеді. Озонның өте жоғары антисептикалық тиімділігі оның дәл осындай қасиетіне негізделген, ол тіпі антибиотиктерге төзімді герпестің, А, В, С гепатиттерінің вирустарына және басқа да күшті вирустарға да әсер етеді.

Озонидтер сондай-ақ бүкіл ағзадағы ферменттердің және жасуішілік құрылымдардың белсенділігін күшейтетін катализатордың да қызметін атқарады. Осыған орай ағзада қышқылдану-қалпына келу үдерістері жанданады. Ағзаға озон енгізу қанда оттегінің күрт көбеюімен қоса жүреді. Биологиялық белсенді заттардың түзілуі жақсарады. Соған сәйкес қанның қызыл түйіршіктерінің – эритроциттердің – оттегі тасымалдауға қабілеттілігі күшейеді. Озон сфероциттердің пішінін өзгерту арқылы және эритроциттердің жабысқақтығын болдырмау жолымен қанның аққыштығын арттырады, соның есебінен барлық дене мүшелерінің және еттердің, соның ішінде оттегімен жеткіліксіз қоректенетін тұстардың, қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады. Озонидтер сондай-ақ иммундық жүйенің жасушаларын, әсіресе олардың фагоцитарлық қызметін жандандырады, оның қорғаушылық белсенділігін 10 есе арттырады. Простагландиндерді – қабынушылық реакцияларға қатысатын биологиялық белсенді қосындыларды қышқылдандыра отырып, озонидтер зақымданған еттердегі қалпына келтіру үдерістерін орнына келтіреді, бұл қабыну құбылыстарының жойылуына әсер етеді. Озонның төменгі дозаларын алғанның өзінде-ақ көмірсутегінің қышқылдануы үдерістерін жылдамдататын ферменттердің, липидтердің және белоктардың белсенділігін, оның орнын жігерлілік, жұмыс істеу қабілеті қалпына келушілік сезімі басады. Озон ұйқысыздықтан, стресстерден және тіпті созылмалы шаршаңқылық синдромынан айықтырады.

Плазмоцитаферез

Плазмоцитаферез – бұл -экстракорпоральді гемоқалпынакелтірудің емдік мақсатпен қанда (плазмада) эндогенндік және экзогендік токсиндердің, айналыста болатын иммундық ккешендердің, аллергендердің, патологиялық жат денелерді, холестеринді, қанның ұйығыштығы факторларын немесе пішінді элементтердің (эритроциттердің, тромбоциттердің, лейкоциттердің) қанығуын арылтуға немесе азайтуға негізделген әдіс.

Плазмоцитаферезді қолдануды қажет ететін жағдайлар:

  • Аллергиялық аурулар (асқынған және созылмалы есекжем, Квинке ісінуі, маусымдық поллиноз, аллергиялық дерматиттер, бронхылық астма).
  • Аутоиммундық аурулар (асқынған гломерулонефрит, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, склеродермия, жүйелі васкулит және т.б.).
  • Ішкі мүшелердің эндотоксикозпен (панкреатит, гепатит, холецистит, холангит және т.б.) қосарланған созылмалы және асқынған аурулары.
  • Тері аурулары (экзема, нейродермит, теміреткілер және т.с.с..).
  • Зат алмасуының бұзылуы (гиперхолестеринемия, подагра, порфирии және т.с.с..).
  • Тиреотоксикоз, аутоиммундық тиреоидит, қант диабеті.
  • Жүкті әйелдердің резус – қиыншылықтары.
  • Эритроцитоз, тромбоцитоз, гиперлейкоцитоз.
  • Кез-келген себептен уыттану.

Ультракүлгін аутогемотерапия (УКАГТ)

Ультракүлгін аутогемотерапия (УКАГТ) – бұл ультракүлгін диапазонды жарық энергиясының қанның сапалық құрамына емдік әсеріне негізделген экстракорпоральді гемоқалпынакелтіру әдісі.

Емдеудегі тиімділіктері:

  • Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсылығын (имундыққалпынакелтірушілікті) күшейту;
  • Бактерияға қарсы, вирусқа қарсы, сүйелге қарсы әсер;
  • Эритроциттердің оттегі сыйымдылығын арттыру;
  • Жасушаларға оттегі мен қоректік заттар жеткізуді жақсарту;
  • Зақымданған жасушаларды қалпына келтіру үдерісін (регенерацияны) қуаттау;
  • Ағзаның қышқылдық-сілтілік балансын қалпына келтіру;
  • Көмірсутегілерін сыртқа шығаруды жақсарту (қант диабеті жағдайында инсулинрезистенттілікті төмендету).
Жүргізу әдістемесі: Процедура барсында Сіздің 300-500 мл қаныңыз заманауи «Юлия» аппаратттарының және сенімді инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бір рет қолданылатын материалдардың көмегімен екі рет ультракүлгін сәуленің әсеріне ұшырайды.

УКОАК қолданылатын жағдайлар:

  • Иммунитеттің әлсіреуі;
  • Асқынған созылмалы қабыну үдерістері, сондай-ақ бактерияға шалдығушылық (соның ішінде хеликобактер);
  • Іріңді-қабынған хирургиялық аурулар (панкреатит, преитонит, флегмона, инфильтрат, мастит, гидраденит, панариций және т.с.с.);
  • 1 және 2 типтегі қант диабеті және оның асқынуы;
  • Тері аурулары (фурункулез, мүйізгектене қабынушылық, стрептодермия, тұрпайы безеулер, экзема, нейродермит);
  • Дисциркулляторлық және жарақаттан кейінгі энцефалопатия;
  • Жүкті әйелдердің алғашқы токсикоздары;
  • Сепсис;
  • Барлық вирустық аурулар мен вирусқа шалдығушылық.
  • Артериальдық гипертензия.
  • Созылмалы шаршаңқылық синдромы және көптеген өзге де аурулар.