Аллергологиялық орталық

Старцева Элеонора Константиновна
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер

2001 жылы ҚР ПІБ ОКА негізінде атопикалық аурулардың мониторингін өткізу және аллергоздардың алдын алу үшін Аллергологиялық орталық ашылды. Бөлім қызметінің негізгі бағыты – аллергиялы және иммундік жүйенің өзге де ауруға шалдығуларының (ауатамырлық тұншықпа, поллиноз, аллергиялы ринит, есекжем, дәрілік аллергия) диагностикасы, емдеу және оның алдын алу болып табылады.

Аллергологиялық диагностика бірегей кмпьютерлендірілген “Юникап-100” анализаторында жүргізіледі.

Аппарат қабықты(жануарлардың қайызғағы мен жүні, жүні, қауырсын, балықтың қабыршағы), тұрмыстық(үйдің тозаңы, тістеуіктер, микроорганизмдер), кәсіби(сыр, бояулар) аллергендерді қосқанда оның 200-ге жуығын айқындауға мүмкіндік береді.

Заманауи диагностикадан басқа Аллергоорталық төмендегідей медициналық қызмет көрсетеді:

  • Арнайы бөлмелердегі сырт және төменгі тыныс жолдарының ауруға шалдығулар кезіндегі небулайзерлік ингаляциялар;
  • аллергендермен арнайы аллергологиялық бөлмеде маусымдық аллергияның клиникалық белгілерін жою үшін арнайы емдеу;
  • иммунитеттің табиғи, қазіргі иммуномодуляторлармен бұзылуын түзету;
  • тозаң және азықтық аллергендермен скарификациялық тері сынамаларын өткізу.
Бүгінгі күні дәрігерлер клиникалық-диагностикалық жабдық кешенімен қаруланған, онда жаңа инновациялық технологиялар қолданылады. Аурулар үшін гипоаллергенді бөлмелері бар күндізгі стационар жұмыс жасайды.

Бөлім қызметкерлері халыққа емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін әмбебап бағдарлама болып табылатын аллергиялы ауруға шалдығудың диагностикасы мен оны емдеудің медициналық стандарттары мен жөн-жосығын дайындаған.